БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ САЛҒЫРТ ҚАРАМАЙЫҚ
«Баланы жастан» емес, тіпті ана құрсағынан бастап тәрбиелеудің маңызын қазақ халқы ертеден-ақ түсінген. Әдетте, адам барлық нәрсені өмірге келген соң үйренеді, көреді, біледі, көңіліне түйеді. Ал, осыған дейінгі құрсақтағы кезеңде алған әсері, естіген, сезінген жайттардың барлығы сәби бойында қалады. Сол себепті, нәрестенің ана құрсағындағы тәрбиесі маңызды орын алады.
Ғалымдардың айтуынша, сәби құрсақтағы өмірінде анасы нені көп үйренсе, нені көп білсе, бала дүниеге келгенде сол нәрсені тез игереді екен. «Сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетпек» деген осы болса керек. Ал, жарық дүниеге келгеннен бастап жайлы, толыққанды отбасында өсіп, жетілген бала қоғамға пайдалы азамат болары анық. Салиқалы ұрпақ, саналы азамат тәрбиелеуде ата-ананың сіңірер еңбегі зор. Бала бойында қалыптасу керек ең басты қасиет – мейірімділік пен адамгершілік. Кез келген бала жаңа отырғызылған тал шыбық секілді, ата-ана сүйіспеншілігіне шөліркеп тұрады. Перзентіңізге тәрбие беруде нендей қателікке бой алдырып жүрсіз? Қандай қасиеттерді, кеңестерді айтпадыңыз? Бұл әрбір ата-ананы ойландыратын сұрақтар.
Ең алдымен баланы тыңдай білген жөн. Ашылып әңгіме айта алған бала ержеткенде өзіне керегін білетін, өмір жолын таңдай алатын жеке тұлға болып қалыптаса алады. Ал, керісінше, баланы не болса содан тыйып отырсаңыз, біржақты ғана тәрбие бергеніңіз. Әке-шешенің қаталдығы, тыйым салу жеткіншектің қызығушылығын шектеп, ынжықтыққа, тұйықталуға апарады. Мұндай балалар ержеткен сайын қателікке бойалдырғыш, өз мақсатын білмейтін, тек өзгенің жетектеуімен өмір сүруге қалыптасып кетуі әбден мүмкін. «Әкеге қарап ұл, шешеге қарап қыз өсерін» ұмытпаған жөн. Ананың мейірі мен әкенің қаталдығы тең дәрежеде болса, ұрпағыңыз ата жолын аттамас. Қысқаша айтқанда, тәрбиенің өзегі – ата-ананың бала алдындағы қарым-қатынасы, адами құндылықтарға толы үлгі қасиеттері. Өйткені, не ексең, соның жемісін көресің.

Ләззат АЛИБЕКОВА,
№8 мектеп интернатының тәрбиешісі.
№8 мектеп интернатының тәрбиешісі.