Не себепті сәбиді өзге ананың емізуіне болмайды?
Қазақ әйелдерінің арасында бір-бірінің баласын емізе беретіндер, әсіресе, ауылды жерлерде көптеп кездеседі. Әсіресе, жас келіншектер бір-біріне балаларын уақытша қарайлауға қалдырып жатқанда, «жылап, шыдамай бара жатса емізе саларсың» деп табыстап жатады. Дініміз бойынша бұның үкімі қандай?

Егер сәби бір әйелдің сүтін еметін болса, онда араларында сүт туыстығы пайда болады. Себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қан жолымен харам болғандар сүт жолымен де харам болады»деген. (Бұхари) Яғни, сүт емізген әйел мен оның күйеуі, балалары және бауырлары сүт емген бала үшін туыс болып саналады. Ер жігіт сүт анасымен және оның қыздарымен үйлене алмайды. Сондай-ақ, қыз балаға да сүт анасының ұлымен тұрмыс құруына рұқсат жоқ, деп жазады kazislam.kz.
Яғни, Ислам дінінде қыз бен жігіт бір-біріне туыс болмай, бірақ сәби кезінде бір ананың сүтін емсе яки ішсе онда олар да бір-біріне ана сүті жағынан туыс болып бір-біріне қосыла алмайды. Сүт ему жолымен харам болу үкімі нақтылануы үшін сүт емудің сәби шақта іске асуы керек. Имам Ағзамның көзқарасы бойынша, сүт еметін сәби шақ екі жарым жыл деп есептеледі. Сүт бала болу үшін осы уақыт аралығында бір мәрте болса да тойып ему жеткілікті. Яғни, сәби екі жарым жасына дейін ең азы бір мәрте басқа ананың сүтін тойып емсе, сол ана мен оның күйеуі сәбидің сүт әке-шешесі саналып, олардың балалары мен бауырлары сәбидің сүт бауырлары санатына енеді. Сүт жағынан туыс болуы үшін ханафи мәзһабы бойынша келесі шарттар мен жағдай қажеттілігі айтылады:
1. Сүт бір әйелге тиісті болуы қажет. Ғалымдардың көпшілігінің көзқарасы бойынша сүт емізген әйелдің тұрмыста яки бойдақ болуы немесе күйеуінің жоқтығы нәтижені өзгерте алмайды. Сүттен басқа бір нәрсені, мысалы сары су, қан яки құсықты жеу сүт туыстықты тудыра алмайды.
2. Сүт емген баланың асқазанына жетуі қажет. Сүтті омыраудан ему мен бір ыдыстан ішудің арасында ешбір айырмашылық жоқ. Бала омырауға аузын салып, бірақ сүт емгені белгісіз болса, онда сүт туыстығы орын алмайды. Өйткені күмәнді нәрсемен үкім берілмейді.
3. Емізу ауыз яки мұрын жолы арқылы болуы қажет, өйткені сүт тек осы екі жол арқылы ғана асқазанға жетіп, сіңуіне арқау болады.
4. Сүттің басқа бір сұйық затпен араласпауы қажет, ондай жағдайда ханафи мәзһабы бойынша, көп болғаны негізге алынады. Яғни, сүттің көлемі көп болса, онда сүт тыстығы пайда болады. Дегенмен, Әбу Ханифаның көзқарасы бойынша бір затқа араласқан сүт аз болсын, көп болсын сүт туыстығы орын алмайды. Өйткені бұл қорек сүттің қуатын жоғалтады.
Имам Әбу Юсуп пен Имам Мұхаммед бұл жерде көпшіліктің көзқарасын негізге алады.
Сүт арқылы туыстықтың үкіміне келер болсақ, бір анадан сүт емген қыз бен жігіттер бір-бірлеріне үйлене алмайды. Білмей үйленіп, кейіннен білетін болса дереу ажырасулары қажет. Мұндай сүт бауырлардың қиылған некелері Әбу Юсуп пен Имам Мухаммед бойынша мүлде жарамсыз.
Сүт жағынан туыстар бір-біріне бөтен болмайды. Бір-бірлеріне еркін қарай алады, бірақ сүт анасы мен сүт бауырларына мирасқор бола алмайды. Сондай-ақ, сүт ана да сүт баласынан нәпақа сұрай алмайды. Әрі мирасқоры бола алмайды.
Сондай-ақ, емген баланың сүт анасының күйеуі де әлгі балаға сүт әкесі болып табылады. Сүт әкесі өлсе де, әйелінен ажырасса да әлгі балаға сүт әке болып қала береді. Сүт емген баласы да сүт әкесінің ұрпағы мен туыстарына үйлене алмайды, яғни сүт әкеге тиесілі барлық балалар әлгі сүт емген баланың сүт бауырлары болады.
Алау Әділбаев, теология ғылымының докторы