Адам ұйықтап бара жатып неге селт етеді? Көпшілігіміз ұйықтап жатқанда селт етіп шошып оянатынымыз бар. Мұның себебі адам тез ұйқыға еніп, тыныс алуы баяулаған сәтте ағза адам өліп бара жатыр деп ойлап қалады да, қорғаныш механизмі іске қосылады.Ми рефлекторлық деңгейде аяқ-қолға жиырылып, адамды оят деген белгі береді. Ол ұйықтап кету мен өліп кету арасында айырманы көрмейді, өзін-өзі сақтау инстинкті әрдайым іске қосылады. Сол себепті селт еткен соң біз оянып, бәрі дұрыс па деп тексеріп көреміз. Ал кейін көзіміз жеткен соң, қайта ұйқыға кетеміз. Мұның алдын алу үшін ұйқыға барынша байсалды ену керек, мысалы ыстық ваннаға түсіңіз немесе массаж жасатыңыз. Миға күш түсірмеңіз, әйтпесе ол сізді дереу оятады. Біз тоңған кезде қалтырайтынымыз да сондықтан. Ми біз жылынуымыз үшін механизмдерді іске қоса бастайды. Қалтырау – солардың бірі, бұл бұлшықеттердің жиі жиырылуы. Ал бұлшықеттер жұмыс істегенде жылу энергиясын бөледі.Massaget.kz Жаңалықтар / Руханият 11 қаңтар 2018 ж. 1 269 0