» » Ер адам үшінші қабаттан құлаған әйелді шашынан ұстап қалды: Келіншек бәрібір құлады (видео)

Ер адам үшінші қабаттан құлаған әйелді шашынан ұстап қалды: Келіншек бәрібір құлады (видео)


Сингапурлық ер адам құлап бара жатқан әйелді шашынан ұстап қалып, бірнеше минуттан кейін жібере салды. Әйелді құтқармақ болған азаматтың бұл қылығына болмашы нәрсе себеп болған. Ол майлы тағам жегендіктен, қолы лас болып, әйел сырғанап кеткен.

Бұл туралы The Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Шетелдік басылымның хабарлауынша, құлап кеткен әйел үй қызметкері болған. Ол құлаған кезінде үшінші қабат терезесін тазаламақшы болған екен. Екінші қабатта тұрған ер адам үй қызметшісінің шашынан ұстап үлгерген.
“Мен оны ұстай алмаймын” деп айқай салған азамат ақырында әйелді жібере салған. Бұдан кейін видеодан әйелдің қансырап жерде жатқанын көруге болады.
Куәгерлер таспаға түсіріп үлгерген кадр желіде тез тарап кеткен.
“Бұл әйел үшінші, ал ер адам екінші қабатта болды. Төменгі қабаттағы азамат әйелдің “салбырап” тұрғанын көрген кезде ас ішіп отырған. Бәрін тастап, оны құтқаруға тырысқанымен, бұл оның қолынан келмеді”, – дейді куәгер.



http://stan.kz
17 мамыр 2018 ж. 1 230 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930