Тегерандағы ұшақ апаты: Иран украин әуе кемесін зымыранмен атып құлатқанын мойындады
Тегеран маңында апатқа ұшыраған украиндық Boeing ұшағы "адамның қателігі" кесірінен зымыранмен атып түсірілені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Иранның қорғаныс күштерінің бас штабы мәлімдеді."Адамдардың қателегінің салдарынан бұл ұшақ атып түсірілді", - делініпті ресми мәлімдемеде.
Иранның СІМ Мұхаммед Зариф бақилық болған жолаушылар мен экипаж мүшелерінің жақындарынан кешірім сұрады.
"Қайғылы күн. АҚШ-пен болған кикілжің кезінде ұшақтың адамдардың қателіктерінің салдарынан зымыранмен жайратып түсіргені анықталды. Апаттың болуы себебі - осы", - деді министр.
Украиндық ұшақ Иранның соғысқа қызу дайындық үстіндегі әскерлерімен атып түсірілген. Олар жолаушылар бортын АҚШ-тың әскери ұшағымен шатастырған деп айтылыпты хабарламада.
"АҚШ басшысының қоқын-лоққысына байланысты Иран әскерлері соғыс қаупінің тұтануын қорқып, әскери күштерін шұғыл жинастырған. Осы кезде Иран әскері күш жоғарғы дйындықта болған еді", - деп айтылыпты ресми мәлімдемеде.
Хабарламаға сәйкес, Boeing ұшағы әуежайдан жолын бастап ирандықтардың әскери базасына жақындай бастаған. Сол себепті ол жаудың ұшағы деп танылып, зымыранмен атып түсіріліпті.
stan.kz
Пікір 1