» » Иран президенті Украина елінен кешірім сұрады

Иран президенті Украина елінен кешірім сұрады

Хасан Роухани

Иран президенті Хасан Роухани украиналық Boeing 737-800 ұшағын атып жерге құлатқаны үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Хасан Роухани Украина халқына және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Сондай-ақ, ол 176 адамның өмірін жалмаған қайғылы жағдай үшін кешірім сұрады. Хабарламада Иран басшысының өз әскерилерінің қателігін мойындағаны туралы жазылған. 
Ресми Тегеран әуе апатына қатысы бар адамдардың барлығы жазаланатынын және украиналық сарапшы топқа "қажетті қолдау жасалатынын" айтып сендірді. 
Украина президентінің айтуынша, атып құлатылған украиналық ұшақ экипажы халықаралық ұшу ережелері мен нұсқаларын қатаң сақтаған.
Естеріңізге салайық,  бұған дейін Иран украин әуе кемесін зымыранмен атып құлатқанын мойындаған еді. Ирандықтар бұл әрекетті әуе кемесін жау ұша,ымен шатастырдық деп ақталыпты. 

stan.kz


12 қаңтар 2020 ж. 522 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 070

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031