» » Антарктидадағы сырлы нысандар

Антарктидадағы сырлы нысандар

Антарктидадағы сырлы нысандарҚазір мәңгілік мұздың құшағында жатқан Антарктида бір кездері Ну орманды түрлі жан-жануарлар өмір сүретін құрлық болған. Бұған ежелгі карталар дәлел. Ғалымдар Антарктида шамамен 50 миллион жыл бұрын  тропикалық аймақ болғанын айтады. Мұнда пальмалар мен гүлдер өсіп, мұхиттағы су жылы болған.

Бұдан бөлек зерттеушілер Антарктидада африкалық баобабтар өскененін дәлелдеген. Қазір де суық құрлық сырын адамдарға әлі ашпай келеді. Сондықтан болар адамзат баласының оған деген ынтықтығы басылар емес. Онда орналасқан кейбір нысандар мен құрылыстар спутниктік карта арқылы табылып жатыр.

Егер Антарктидаға қызығушылық танытсаңыз, бұл құрлықта орналасқан кейбір қызықты нысандардың координаталық нөмірін ұсынамыз. 



Мұзда қатып қалған ұшақ: -67.6712, 45.8269 Бұл жер Антарктиканың Атлант жағалауына жақын жерде, Патшайым Мод жерінің аумағында орналасқан. Ұшақтың орналасқан жері спутниктік карталар арқасында белгілі болған.



Шеңбер сияқты нысан: 74 ° 38'18.53 «S 164 ° 31'48.53» E Нысан пішіні дөңгелектелген, сыртқы түрі мұз қабатының астында жасырылған ұшып бара жатқан белгісіз нысанға ұқсайды. Мұз континентін зерттеушілер Антарктида аспанында БҰН-ды (НЛО) бірнеше рет байқаған. Алғаш рет 1965 жылы Антарктида аспанында белгісіз нысандардың жаппай пайда болуы басталған. Сол жылы адамдар теңіз жағасында, аспаннан табақ тәрізді көптеген БҰН тобын көрген. Ұшатын аппараттар зерттеушілердің техникаларында ақау тудырған екен. Адамдар “1950 жылдардың басында “Мұз құрты” деген жоба пайда болып, осы жоба аясында Антартида мұзының астында базалар салынғанына, сол базаларда ұшатын табақшалар жасалғанына, олар арнайы мұнаралар арқылы ұшырылғанына және бір топ ғалымдар тобы мұз астындағы ежелгі технологияларды кездейсоқ тауып алып, аталған базаларда қалпына келрген” деген аңызға сенеді. Мұндай орынды олар Антарктидадағы “51-аймақ” деп атайды.  Көптеген сарапшылар Антарктидадағы мұз астында өте дамыған өркениеттің технологиялары болғанынына сенімді. Олардың айтуынша Антарктида бір кездері  гүлденген, адамдар тығыз қоныстанған құрлық болған.



Антарктидадағы пирамидалар: -79.9782644, -81.9638883 Бұл пирамидалар зерттеушілер арасында бұрыннан танымал. Оларды google maps арқылы сіз де көре аласыз. Зерттеушілердің бір тобы табылған нысандар пирамидаға ұқсас қарапайым тау десе, екінші тобы бұлар ежелгі замандағы интеллектуалды өркениет құрған үш пирамидалық құрылым екендігіне сенімді. Табылған екі пирамида (немесе пирамидаға ұқсас нысандар) жағалауға 16 шақырым жерде, ал, үшіншісі оған өте жақын орналасқан.



Үңгір аузы: 66o36'12,36'S; 99o43'11,28'E Үңгірге ұқсас нысанды спутниктік картадан 2017 жылға дейін тамашалауға болатын еді. Кейін ол картадан жоғалып кетті. Қауесеттерге қараған бұл үңгір БҰН-дар  мұз астынан шығатын жол көрінеді.



Антарктидадағы кратер: -64.922761 °, -59,681511 ° Кратердің ұзындығы – 1 шақырым, тереңдігі – 500 метр. Қалған бөлігі мұзмен жабылғанына қарамастан, оның ішінде қар жоқ екенін байқауға болады. Кратер жанартау немесе метеорит құлағаннан пайда болғанға ұқсамайды.



Тік бұрышты Айсберг Айсбергтің мөлшері шамамен 1,7 шақырым. Уфологтардың айтуынша, тікбұрышты айсберг – Антарктида мұзды базаларында жасалған эксперименттердің нәтижесі.

massaget.kz
12 қаңтар 2020 ж. 525 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 680

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031