» » Қауіпті коронавирус: "Қорғас" 15 ақпанға дейін жабылды

Қауіпті коронавирус: "Қорғас" 15 ақпанға дейін жабылды

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы коронавирустың алдын алу мақсатында 15 ақпанға дейін жабылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

"Алматы облысында ҚХР-мен алты шекаралық бекет бар. Бүгін аймақ басшысының тапсырмасы бойынша облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов барлық шекаралық пункттерді тексерді. Сонымен қатар, әкім орынбасары премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен отырыс хаттамаларының тармақтарына ерекше назар аударды",- делінген ведомство хабарламасында.

Бүгінде мемлекеттік шекарадағы барлық өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық және көші-қон бақылауы күшейтілді. Стационарлық тепловизорлармен жабдықталған медициналық қызметкерлер жіберіліп, обаға қарсы костюмдер және изоляторлар дайындалды.

Айта кетейік, Хайнань провинциясы денсаулық сақтау жөніндегі комитеті коронавирустың аралдағы алғашқы құрбаны жайлы хабарлады. Вирустан пайда болған пневмониядан Ухань қаласынан курортқа келген 80 жастағы әйел көз жұмды.
Ал Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров биліктің Ухань қаласынан отандастарымызды неліктен шығара алмайтынын айтып берді.

kaz.nur.kz
27 қаңтар 2020 ж. 474 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 827

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031