» » Қытайда ақшаны жою туралы шешім қабылданды

Қытайда ақшаны жою туралы шешім қабылданды

Ауруханаларда, базарларда, автобустарда және инфекция кеңінен таралатын басқа жерлерде жиналған банкноттар жойылады.

Қытайда ақшаны жою туралы шешім қабылданды


Қытай билігі коронавирус індетінен зардап шеккен аудандарда жиналған ақшаның бір бөлігін жою туралы шешім қабылдады, деп жазады Oinet.kz.

Әңгіменің қанша ақша жайлы айтылғаны жарияланбаған. Бұл ауруханаларда, базарларда, автобустарда және инфекция кеңінен таралатын басқа жерлерде жиналған банкноттарға қатысты мәлімдеме, олар Гуанчжоу қаласында жойылады. Сондай-ақ, Қытайдың Орталық банкі коммерциялық несиелік ұйымдарға вирус жұқтырылған аудандардан жиналған ақшаны бөлек жерде сақтауға бұйрық берген. Жойылмайтын банкноттар дезинфекцияланады. Ақша ультракүлгін сәулемен өңделіп, айналымға шығар алдында екі аптаға карантинге қойылады деп жоспарлануда.

Өлімге әкелетін коронавирус алғаш рет 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайдың Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында тіркелген еді, жұқтырғандардың көпшілігі орталық Қытайда. 17 ақпандағы жағдай бойынша жұқтырғандардың саны 58,1 мыңнан асты, 1775 адам қайтыс болды, 6639 адам сауықтырылды.

ernur.kz

19 ақпан 2020 ж. 419 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930