» » Қытайдағы вирустың шыққан жері жабылды: Көз жұмғандардың саны 17-ге жетті

Қытайдағы вирустың шыққан жері жабылды: Көз жұмғандардың саны 17-ге жетті

Қытайдағы арты өлімге алып келетін жұқпалы індеттен көз жұмғандардың саны 17-ге бір-ақ жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қытайдағы вирус

Бұл туралы Қытайдың Хубэй провинциясының денсаулық сақтау комитетінің қызметкерлері мәлімдеді. 

Қазіргі таңда коронавирустың жаңа түрі Қытайдың 25 провинциясы мен қаласында тарап кеткен. Өкпесі қабынып, ауруға душар болғандардың саны 571-ті құраған, оның 444-і індет алғаш рет пайда болған Хубейдің тұрғындары екен. 95 науқастың жағдайы мүшкіл. 

Қатерлі індет Қытай аумағынан сыртқа таралып үлгеріпті. Қазіргі таңда ауруды жұқтырғандар Жапонияда, АҚШ-та, Таиландта, Оңтүстік Кореяда, Сингапурде, Гонконг пен Австралияда анықталыпты. Қытай билігі вирустың адамнан адамға тікелей ауысатынын растап отыр. 

Осыған байланысты Қытай аурудың "отанын" жауып тастапты. Бүгінгі күні Хубейдегі Ухань қаласына баратын және қаладан шығатын автобустарды тоқтатып, әуежай мен темір жол станциясын уақытша жауып тастапты. 
23 қаңтар 2020 ж. 635 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930