» » Қытайда жаппай тарап жатқан вирус Жапонияға да жетті

Қытайда жаппай тарап жатқан вирус Жапонияға да жетті

Жапондық префектурада тұратын қытайлық азамат аспан асты елінде пайда болып, жаппай таралып жатқан вирусты жұқтырып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қытайлық азамат жақында ғана Ухань қаласына сапар шегіп қайтқан. Естеріңізге салайық, жұқпалы індет дәл осы қалада байқалып, жаппай тарала басталған еді. Қазіргі кезде Жапония аумағында тұратын тұрғын ауруханадан шығарылған. 
Осыған байланысты Жапония билігі жедел түрде дабыл қағып, вирус жайлы ақпарат жинастырумен және оны зерттеумен айналысуды бастап кетіпті. 
Бұған дейін Қытай зерттеушілері ауру тудыратын инфекцияның таралуына себеп болған жайтты анықтаған еді. Қытайлық мамандардың мәлімдеуінше, жұқпалы індетті коронавирустың жаңа түрі тудырған. Ол өкпе қабынуына әсер етіп, адамның басқа да маңызды ішкі мүшелерін зақымдайды. Көп жағдайда дертті жұқтырғандар тыныс алу қызметінің қиындағыны мен қалтырауға тап болғандықтарын айтып шағымданыпты. 

stan.kz

16 қаңтар 2020 ж. 722 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930