Қызылша
Қызылша – жедел жұқпалы вирусты ауру, ауа тамшы жолымен тарайды. Инфекция көзі –науқас адам аурудың басталған бастапқы 10 күн ішінде өте жұқпалы болып есептелінеді. Жасырын кезеңі – 7-21 күнге дейін. Қабылдағыштығы – жалпылама барлық жастағылар ауырады, көбінесе балалар жиі ауырғаныменде оларға жаппай екпелер жасалынып жатқандықтан, соңғы жылдары ересектер арасында аурушандық көптеп тіркелуде. Клиникалық белгілері – ауру жедел басталады жалпы жағдайының нашарлауы мен: дене қызуы 38-40С қа дейін көтеріліп әлсізденіп, тамаққа тәбеті нашарлап, мұрнынан су ,ағып ащы жөтел пайда болып көзі қызарып қабынады. Одан жұмсақ және қатқыл таңдайда теңбіл бөртпелер пайда болады. Екі ұрттың үстінде қызылшаға тәң майда ақшыл бөртпелер кілегейлі қабығының үстінде ерекшеленіп тұрады. Сыртқы түріне қарағанда бұл бүртпелер «манна» түйіршігіне ұқсайды. Қызылша бөртпелерінің ерекшелігі: бірінші күні бөртпеде бетте мойында, екінші күні денеде, қол, сан терілерінде, үшінші күні балтыр аймақтарда шығады, ол күні беттегі бөртпелер бозарады. Қызылшаға көздің қызарып, қабынуы ірің шығып , тәңертең кірпіктерін ашудын қиындығы, мойын артында қолтық бездерінің үлкеюі ұстағанда ауырсынуы тән. Кейде өкпеде сырыл естілуі, кейбір науқастардың іші ауырып, аздап өтуі мүмкін.
Алдын алу шаралары – қызылшадан және оның асқынуларынан қорғаудың тиімді жалғыз әдісі вакцинациялау болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық екпесі кестесі бойынша балаларға қызылшаға қарсы екпе 12 айында, ревакцинация 6 жасында жасалады.
Егер сіздің баланыз немесе өзінің сырқаттанып қалған жағдайды:
- Медициналық көмекке желе жүгініңіз
- Емханаға өзіңіз бармай дәрігерді міндетті түрде үйге шақыртыңыз
- Дәрігер келемін дегенше басқа да жанұя мүшелерімен қарым қатынасты шектеңіз
- Жөтел немесе түшкіргенде аузыныз бен мұрныңызды қол орамалмен немесе бір реттік сулықпен жабыңыз
- Қолыңызды жиі сабындап жуып отырыңыз
- Тыныс жолы мүшелерін қорғайтын құралдар қолданыңыз (бет перде немесе дәкелі таңғыш)