» » Атақты адамдардың біз білмейтін қырлары

Атақты адамдардың біз білмейтін қырлары

Лев Толстой қолжазбаларын тауық таба­ны­ның ізіндей етіп, сойдақтатып жазған екен. Оның шимайын тек жұбайы Софья Андреевна ғана түсіне алатын. Ол өзінің шаршап тұрғанына, денсаулығы мен көңіл-күйінің қандай жағдайда екеніне қарамастан, күн сайын жазушының қолжазбаларын ақ параққа қайта жазып шығу­дан жалықпайтын және жолдасын барлық тұрмыстық шаруадан босатып, толықтай шығар­машылықпен айналысуына жағдай жасап отыр­­ған. Осы тұрғыда Софья ханымға «Соғыс жә­не бейбітшілік» романын бірнеше мәрте көшіріп жазуға тура келген көрінеді. Толстойдың жазбасындағы әріптердің, шартты белгілердің түсініксіздігі сондай, түзетулер мен толықтырулар жасауды тым қиындатып жіберген.
Сондай-ақ жан-жақты қаламгер Владимир Набоковтың жазуын да тек әйелі Вера ғана түсінетін болған. Ал Сергей Есенинді әдемі жазуы үшін баспа қызметкерлері қатты жақсы көрген деседі.

Француз романисі Оноре де Бальзак кофені қатты жақсы көрген екен. Кофені кім жақсы көрмейді дерсіз, әрине. Бальзактың ерекшелігі сол, жазушы күніне елу шыны құмшекер мен сүт қосылмаған, еш қоспасыз сергіткіш сусын ішуді әдетке айналдырған. Осы ретте бірқатар әдебиет зерттеушілері «Адамзат комедиясын» жазғанда Бальзактың тіптен ұйықтамағанын дәйектейді. Кофенің әр адамға әртүрлі әсер етері анық. Француз қаламгерінің кофеге тәуелділігі оның денсаулығына залалын тигізбей қоймады. Кофені көп ішкен Бальзак асқазанның түйіліп ауыруын, жүректің әлсіздігі мен қан қысы­мының көтерілуі секілді дерттерді жамап алған.

Әйгілі неміс ақыны, философ Фридрих Шиллердің де өзіндік ерекшелігі болған. Ол қасында шіріген алмалар салынған жәшік тұрмаса, ойдағыдай жұмыс істей алмайтын. Досы Иоганн Вольфганг Гете бір күні ақынның үйіне қонаққа келеді. Фридрих үйінде жоқ екен. Ақынды жұмыс кабинетінде күтуді ұйғарған Вольфганг бөлмеден бас айналдыратын жағымсыз иісті сезеді. Гете шіріген алмалардың не үшін тұрғанын сұрағанда, Шиллердің әйелі күйеуінің ол иіссіз тіпті де өмір сүре алмайтынын айтқан екен.


Николай Васильевич Гогольдың өз болмысы да, өмір жолы да құпияға, ақылға сыймайтын оғаш жайларға толы екені көпшілікке аян. Ол шығармаларын үнемі тікесінен тік тұрып жазған, сондай-ақ отырып ұйықтауды әдетке айналдырған. Замандастарының айтуынша, өз жейделерін пішіп-тігіп, ескі жилеттерін жамап-жасқап алады екен. Тағы бір қызығы, жазушы шығармасын жазу барысында, әлдебір жағдай туралы ойлағанда немесе жәй ғана іші пысқанда, түстеніп отырғанда нан түйіршіктерін дөңгелеткенді жақсы көр­ген. Тіпті дөңгелекшелерді домалатып жібергенде, онысы көрші үстелде отырған адамның көжесіне түсіп кеткен кездері де болыпты.

Анна Ахматова өзінің ең алғашқы тақпағын он­ бір жасында шығарған екен. Біршама уақыттан кейін өз туындысын қайта оқып көрген кішкентай қыз өлең жазуға шын беріліп, өнерін одан әрі жетілдіре түсуі керек екенін түсінеді. Әрі осы ұйғарымына белсенді түрде кіріседі.
Алайда әкесі қызының бұл талпынысын бағаламайды, әрі мұны құр уақыт кетіру деп есептейді. Дәл осы себеппен Горенко нағыз тегімен танылуына тыйым салады. Сол үшін Анна үлкен әжесінің жас кезіндегі Ахматова деген тегін таңдап алады.

Аударған Мөлдір РАЙЫМБЕКОВА


23 ақпан 2020 ж. 595 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 784

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031