» » Шымкенттік кофенің сапасы ешбір брендтен кем емес

Шымкенттік кофенің сапасы ешбір брендтен кем емес


Әлемде миллиондаған адам әр күнді кофе ішумен бастайды. Ол бой сергітеді, күш-қуат береді. Миға, жадыны жақсартуға пайдасы бар. Мұнайдан кейін әлем бойынша көп сатылатын өнім – кофе екен. Ал енді сол кофені Қазақстанда ең алғаш өндіре бастаған оңтүстік өңірі екенін білуші ме едіңіз? «Эффенди» брендімен шығатын кофе қазір Шымкент, Астана, Алматы және өзге де қалалардың дүкендерінің сөрелерін толтырып тұр. Бүгінде ол өзінің айрықша қанық дәмімен талай жанның асқазанына жол тауып үлгерді.

«Мен өзім таза, табиғи кофені жақсы көрем. Бүгінгі таңда кофенің бәрі шет елдерден әкелінеді, сондықтан оны өзімізде, Қазақстанда өндірем деп шештім. Онда да дәмсіз бірдеңе емес, жоғары стандарттарға жауап бере алатын, экологиялық тазалығымен ерекшеленетін сапалы кофе шығаруды мақсат еттім» дейді кәсіпкер Гаджи Гаджиев.

Ол өзінің идеясын ОҚО-дағы «Даму» қорының аймақтық филиалына ұсынып, егжей-тегжейлі бизнес-жоспар жасады. Бұл жобаға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында AsiaCreditBank пен «Даму» қоры қолдау көрсетті. Банк бизнесменге көлемі 30 млн теңге болатын несие берді, ал оның 14 пайыздық ставкасының жартысын, яғни 7 пайызын «Даму» қоры субсидиялады.
Сөйтіп, 2014 жылдың соңына таман «Біләл» өндірістік кооперативі «Даму» қорының қолдауымен Шымкентте табиғи кофе өндірісін іске қосты. Банктен алған несиеге Гаджи Гаджиев өндіріс процесінің барлық циклдарын өзі атқаратын түріктің өндірістік желісін сатып алды. Ол дәнді қуырып, тазалап, ұнтақталған кофені дайын күйінде шығарады. Кофені орау, қаптау жұмысы да автоматтандырылған. Аппарат дайын кофені бірден 100 грамдық қаптамаға салады. Алынған өнімнің бағасы 330 теңге, ал көтерме бағасы – 260 теңге.

«Өздеріңіз білесіздер, кофенің негізгі 2 сорты бар – арабика және робуста. Бірінші аталған сорт бүкіл әлемде өте танымал. Оның хош иісі де адамды тартып тұрады. Мен шикізатты Бразилиядан алдырамын. Өндіріс барысы реттелген, аппаратымыз күніне 500 кг дейін ұнтақталған кофе шығара алады. Ол дегеніңіз Қазақстанның ішкі нарығын толығымен қанағаттандыруға жетеді», - дейді кәсіпкер.

Отандық өнімнің артықшылығы – жаңа ғана қуырылып, дайындалғанында. Мәселен шетелден келетін кофенің қанша уақыт бұрын қуырылып, оралғанын кім білсін. Ал «Эфендидің» жарамдылық мерзімі 1 жыл ғана.
Бүгінде мұнда 6 адам жұмыс істейді, себебі өндіріс толығымен дерлік автоматтандырылған.
«Бір күнде 10 мың қаптама кофе дайындап, жөнелте аламыз. Бірақ әзірге тек тапсырыспен жұмыс істеудеміз»,- дейді коммерциялық директоры Әлішер Ибрагимов.


http://ernur.kz
28 ақпан 2018 ж. 842 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930