» » Вице-министр көкөніс бағасының қымбаттау себебін түсіндірді

Вице-министр көкөніс бағасының қымбаттау себебін түсіндірді


Қазақстанда көкөніс бағасының көтерілу себебі белгілі болды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұржан Әлтаев Facebook парақшасында жазды.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы министрлігінің міндеті – баға тұрақтылығын бақылау емес, ауыл шаруашылығын дамыту.

“Біз кәсіпкерлерге ештеңе дей алмаймыз. Біз нарықтық экономикада 20 жылдан астам уақыт өмір сүріп келе жатырмыз, бірақ баға туралы кімнен сұрау керек екенін білмейміз. Ояну керек”, – деп жазды вице-министр.

Көкөністердің бағасы оларды өсіруге кеткен шығынға тікелей байланысты.

“Басқа экзотикалық елдермен салыстырғанада біздің елде өсіруге көп шығын кетеді. Себебі онда қыс мезгілі болмайды. Ал мезгіл бағаға елеулі әсер етеді. Сонымен қатар бізде көкөністер жылыжайларда өседі. Оған да көп шығын кетеді. Сондықтан, бізде ғана қыста көкөніс қымбаттайды, өкінішке орай бұл дәстүрге айналған”, – дейді ол.

Сонымен қатар, вице-министр бағаның өсуі көрші Ресейдің баға нарығына байланысты екенін айта кетті. Оңтүстіктегі жылыжайда шығатын өнімдер Ресейге экспортталады.

“Елімізден 100 мың тонна картоп Өзбекстанға экспортталды. Жоғары бағалар сол жақта шығар. Кәсіпкерлер өнімді жеткізу, сақтау, сату кезінде көкөністердің біраз бөлігі айырылады. 30- 50 пайызына дейін жарамай қалуы мүмкін. Бұл да бағаға тікелей әсер етеді”- дейді Нұржан Әлтаев.

Мұндай шығын себебінің бірі, Қазақстанда қазіргі заманғы сақтау қоймалары өте аз. Бізде өнімді тарату инфрақұрылымы дұрыс жолға қойылмаған.

Қазіргі уақытта министрлік барлық облыс, аудан орталықтарынан көтерме-сауда орталықтарын ашуды қарастырып жатыр. Себебі, сауда орталықтары көбейген сайын өнім бағасы да төмендейтініне сенімді вице-министр.

Экономика министрлігінің деректері бойынша, 2017 жылдың басында мына өнімдердің бағасы көтерілді: картоп – 28,7%, тәтті бұрыш – 28,6%, пияз – 28,2%, сәбіз – 19,3%, консервідегі сүт – 11,6%, алкогольді ішімдіктер – 10,3%, жемістер мен көкөністер – 8,4%, кофе, шәй және какао – 6,2%, ірімшік – 10,3%, балық және теңіз өнімдері – 8,6%.

2017 жылы (2016 жылмен салыстырғанда) мына өнімдердің бағасы төмендеді: қарақұмық – 28%, сарымсақ – 25,6%,, қант – 19,5%, қызанақ пен жұмыртқа – 16%, қияр – 12,5%, шемішке майы – 9,9%, орамжапырақ – 5,2%.

http://stan.kz

09 қаңтар 2018 ж. 1 830 3

Гость Jeaplause от 12 ақпан 2019 14:31
Amoxicillin Doses For How Long Alesse canadian pharmacy cialis 20mg Generic Finasteride Vs Propecia Diflucan On Amazon

Гость Jeaplause от 4 наурыз 2019 19:49
Amoxicillin Liqiud Dosage Cheapeast Bentyl Direct Worldwide With Free Shipping cheapest cialis 20mg Ways To Last Longer

Bennynal от 16 маусым 2019 00:30

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930