АДАМНЫҢ ОРНЫН РОБОТТАР АЛМАСТЫРА МА?

Сонымен қатар, сарапшылардың айтуынша, болашақта Жапонияда адамдар істейтін жұмыстың үштен бір бөлігін роботтар орындайтын болады. Содан соң бұл жағдай әлемнің басқа да мемлекеттерінде орын алуы мүмкін.
Зерттеулер бойынша, роботтар 10-20 жылдан соң 601 жұмыс түрінің 235-ін орындай алады екен. Байқағанымыздай, болашақта жұмыс күшінің жартысын роботтар орындауы әбден мүмкін. Ондай жағдайда жүргізушілер, супермаркет қызметкерлері, үй қызметшілері, күзетшілер және басқа да қызмет иелері толықтай жұмыссыз қалмақ. Бірақ, жасанды интеллект иелерінің қолынан келмейтін қызметтер жетерлік. Зерттеушілердің айтуынша, дәрігер, мұғалім, шаш сәндеуші, режиссер тағы басқа да белсенді қарым-қатынасты қажет ететін мамандық иелерінің орнын роботтар алмастыра алмайды.
Жалпы, құлтемірден қауіптенуге негіз жоқ деуге болады. Өйткені, олардың да қолынан келмейтін жұмыстар көп. Олар адам қиялынан туған дүние. Демек, адамның қасында дәрменсіздігі басым. Роботтардың бар болмысы бір ғана нүктеге байланысты болғандықтан, тоғын қазір ажыратсаңыз қазір істен шығады. Жаппай роботтандыру дамыған мемлекет тұрғындарына ғана тән. Әлемнің көп бөлігінде болашақта да адам еңбегін пайдалану жалғаса береді. Бұл жерде роботты қолдану не қолданбау жұмыс берушіге экономикалық тұрғыдан тиімді болуына байланысты екені сөзсіз.