Мұхитта 2 миллионнан аса тіршілік иесі бар
Жер шарының ашылмаған сырлары мен ақтаңдақтары әлі өте көп. Мәселен, мұхит пен теңіз түбі толық зерттелді деп ешкім айта алмайды. Әсіресе, тіршілік әлемі беймәлім күйде. Әлі миллиондаған жануардың аты мен затын тауып, кітапқа тіркеу қажет. Бұған қазіргі технологиялық прогрестің шамасы жетпей жатыр.
Негізі, мұхит пен теңізге қарағанда ғарыш жақсырақ зерттелген. Ал ғарыш туралы біліміміз онсыз да аз. Сонда бүкіл құрлық пен адамзатты жан-жағынан қоршап жатқан мұхиттың түбі қандай қорқыныш тудырарын өзіңіз есептей беріңіз.
Мұхиттың құрлыққа жақын жағалауы мен жүзіп өтер жолайрығы ғана зерттелген. Ал түбін зерттеуге қаржы мен ресурс жетпейді. Сондықтан мұхиттың астында қандай тау мен тас жатқанын, жер бедерінің қандай екенін ешкім білмейді, жобасы ғана жасалған. Ал онда қандай жан-жануар тіршілік кешуде, ол жағын жобалаудың өзі қиын.
Миллиондаған жылдың эволюциясы қандай ғажапты жасырып жатқаны бір мұхитқа аян. Ғалымдардың есептеуінше, ғылымға тек мұхит пен теңізде жүрген тіршілік әлемінің 10 пайызы ғана белгілі. Яғни, шамамен 250 мың тіршілік иесі бар. Ғалымдар жыл сайын 2 мыңдай түр тауып, тізімге тіркейді. Мұхит түбіне жіберілген зерттеу экспедициясы құр қайтқан емес. Сонымен ғалымдардың болжамынша, мұхит пен теңіз түбінде 2,5 миллион тіршілік иесі бар.
Ал кейбір ғалымдардың айтуынша, 500 мыңдай түр болуы мүмкін, оның жартысы ғылымға белгілі. Ендігі міндет – қалғандарын дер кезінде тауып, ғылымға бекітіп, жаңалығымен бөлісу. Өйткені ғаламдық жылыну мен климаттың өзгеріс талай тіршілік иесін жоқ қылып жіберуі мүмкін.
massaget.kz