Уханьда коронавирустан терісі қарайып кеткен дәрігер көз жұмды
Уханьда коронавирус тудырған бауырдың зақымдануынан терісі қарайып кеткен қытайлық дәрігер Ху Вэйфэн ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дәрігерде коронавирус қаңтар айында табылды, одан бері төрт айдан астам уақыт емделді. Оның жағдайы наурыз айының соңында жақсарып, ЭКМО жасанды қан айналымы жүйесінен ажыратылды. Сәуір айында Худан трахеотомикалық түтікті алып тастады, ол жақсы сөйлей бастады. Содан кейін ол жалпы бөлімге ауыстырылды.
Ху Вэйфэн 22 сәуір мен 21 мамырда инсульт алды. Дәрігердің өлімі туралы 2 маусымда белгілі болды. Ол Ухань орталық ауруханасында коронавирустан қайтыс болған алтыншы қызметкер болды.
Айта кету керек, емдеудің жанама әсерінің нәтижесінде терісі қарайған екінші дәрігер мамыр айында ауруханадан шықты. Оның терісі бірте-бірте өзінің табиғи түсін оралды.
COVID-19-тың күтпеген зардаптарының суреттері осы жылдың сәуір айында желі тарады. Бірден екі медицина қызметкерінде гормондармен проблемалар басталып, барлық денедегі тері қатты қарайып кетті. Кейінірек түстің ауысуының себебі ағзаға коронавирустың таралуы нәтижесінде бауырдың зақымдануынан болған гормональды теңгерімсіздік болғаны анықталды.