» » Ухан ауруханаларында COVID-19 жұқтырған науқас қалмады

Ухан ауруханаларында COVID-19 жұқтырған науқас қалмады

Коронавирус пандемиясы басталған қытайлық Хубэй провинциясының Ухан қаласында COVID-19 жұқтырған науқас қалмады, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Ухан дәрігерлері мен оларға елдің түкпір-түкіпірінен көмектесуге келген медицина қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында, 26 сәуірдегі жағдай бойынша Ухан ауруханаларында коронавирус инфекциясы бар науқас жоқ", - деді мемлекеттік денсаулық сақтау мәселелері комитетінің ресми өкілі Ми Фэн. 
Комитет 25 сәуірде жариялаған статистикалық есепке сүйенсек, індет басталғаннан бері Хубэй провинциясында 68128 вирус (Уханьда - 50333) жұқтыру дерегі анықталған, оның ішінде 63 604 адам жазылса, 4512 адам (Уханда 3869) қайтыс болған. Сол кезде Уханда 12 науқас қалғаны хабарланған еді.
26 сәуір 2020 ж. 292 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930