» » Қытайда коронавирустың жаңа түрі таралып жатыр

Қытайда коронавирустың жаңа түрі таралып жатыр

Kyzylorda-news.kz. Қытайда коронавирустың жаңа түрімен күрес күшейтілді.

Мұнда COVID-19-дың басқа түрін бір тәулікте 68 адам жұқтырған. Олардың төртеуі – шетелден келгендер, ал 64-і – жергілікті тұрғындар.
Қауіпті дертпен 57 адам Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында, ал алты науқас Ляонин провинциясында, тағы біреуі Бейжің қаласында тіркелген, деп хабарлады КТК.

Жұқпалы дертті дер кезінде тоқтату мақсатында екі қаланың миллиондаған тұрғыны COVID-19-ға тест тапсырып жатыр. Алайда қауіпті кесел соның өзінде бес аймаққа тарап үлгерген.
Әлемде коронавирусқа шалдыққандар 16 миллионнан асып кетті. Оның 10 миллионға жуығы жазылып шықты, ал 654 мың адам қайтыс болған.
29 шілде 2020 ж. 581 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 807

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031