» » Адамға ұқсайтын күшік елдің таңданысын тудырды (видео)

Адамға ұқсайтын күшік елдің таңданысын тудырды (видео)

Адамға ұқсайтын күшік елдің таңданысын тудырды (видео)

Йоги есімді күшіктің бейнесін көргендер таңданысын жасыра алмайды. Себебі, оның жүзіне көз салған жан адамға ұқсастық табады деп хабарлайды NUR.KZ.

Суретті әлеуметтік желіге Шанталь Дежарден есімді ит иесінің досы жариялаған. Сондай-ақ ол, адамға ұқсас жануардың суретін жиі бөлісіп отырады.
Ал суретті көрген желі қолданушылары 600-ден аса пікір қалдырып үлгерген.
«Оның көздері дәл адамның көзіндей», «Мен мұндайды ешқашан көрмегенмін», «Мүмкін, тылсым байланыс бар шығар», «Меніңше күшіктің көзі адамға ұқсатып тұр», «Меніңше ерні де адамдікінен айнымайды» деп шуласты оқырмандар.
«Мәселе көзінде ғана емес. Оның күлкісіне қараңыздаршы. Орта жастағы ер адамның күлкісі секілді», - деді тағы бір желі қолданушысы.
Айта кетейік, иттің ұсқынынан секем алып, қорыққандар да табылды. Олар суретті арнайы өзгертілген деп ойлаған.




https://kaz.nur.kz
14 наурыз 2018 ж. 1 987 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 660

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30