» » Жұмыссыз ер адам ұялшақтығының кесірінен түрмеге түсті

Жұмыссыз ер адам ұялшақтығының кесірінен түрмеге түсті


42 жастағы жұмыссыз ер адам ұялшақтығы үшін қамауға алынды. Ол мемлекеттік жұмыспен қамту орталығына бір күнде 159 рет телефон соғып, жұмыссыз екенін айта алмаған.

Бұл туралы SoraNews24 жазды, деп хабарлайды Stan.kz.
Оқиға Жапонияның Хигасимацусима қаласында болған.
Барлық 159 қоңырау бір күнде соғылған. Ер адам сағат 15:30-дан кешкі 17:00-ге дейін қоңырау шалған. Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері телефон тұтқасын көтерсе, ер адам ештеңе айта алмаған.
Полицияның айтуынша, ер адам көрші қаладан хабарласқан. Тексеру барысында барлық қоңырау тек сол адамның телефонынан соғылғаны белгілі болды.
Қамауға алынған ер адам бірдеңе айтқысы келгенін, бірақ нақты жеткізе алмағанын түсіндірді.
Жапондық желі қолданушылары бұл оқиғаның себебі «ер адамның ұялшақтығында» деген баға берді.
Олардың бірі «Оның адамдармен сөйлескенде ақауы бар шығар» десе, бірі «Оны түрмеге жапқанның орнына психотерапевтке көрсету керек» деп жазған.



http://stan.kz
02 наурыз 2018 ж. 1 070 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 418

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031