» » ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕДІ

ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕДІ

Қызылорда облысында 2017 жылы 37,5 мың адам жұмыспен қамтылған. Экономиканың түрлі салаларында 13 105 жұмыс орны ашылды, оның 11561-і - тұрақты. Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша 32210 адам хабарласып, 17034 адам жұмысқа орналасты.Облыста 1283 жұмыс берушілердің қатысуымен 114 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 5 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды. Нәтижесінде 7 мың жұмыс іздеуші жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама алды.Өткен жылдан бастап өнімді жұмыспен қамту арқылы кәсіпкерлік потенциалды дамыту мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» іске қосылды. Оны жүзеге асыруға 4,1 млрд теңге бөлінді.
Бағдарламаға қатысушы ретінде барлығы 30155 адам тартылды, оның ішінде 27810 адам жұмыссыз.
Қызылорда облысы алғашқылардың бірі болып жұмыс берушілердің оқу орталықтарында азаматтарды оқытуды бастады (оқу орталықтары). Осындай 14 оқу орталығында 857 адам оқып, оның 123-і жұмысқа орналасты. Бұл тәжірибе жұмыс берушіге өз талаптарына сәйкес мамандарды оқытуға мүмкіндік береді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде облыста жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,5% процентке дейін төмендеді.
13 ақпан 2018 ж. 2 455 1

Гость Jeaplause от 16 ақпан 2019 05:56
Site De Vente De Cialis Zithromax 600 Mg Pfizer generic viagra isotretinoin claravis Carmarthenshire Que Espana La Propecia

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 697

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031