» » Жалағашта кәсіпкерлер саны артты

Жалағашта кәсіпкерлер саны артты


Жалағаш ауданында шығын және орта кәсіп ашқан тұрғын саны бір жыл ішінде айтарлықтай артты. 2017 жылдың қорытындысы бойынша ауданның кәсіпкерлік саласында 1131 млн. теңгенің өнімдері өндіріліп, бюджетке 103 млн. теңге салық түсті. Бүгінде 2373 шағын кәсіпкерлік субъекті тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 208 субъектіге артық.

  • Қазіргі таңда кәсіпкерлік субъектілерінде 8482 адам жұмыс істейді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жұмыс істейтін адамдар саны 500-ге көбейген.
2015 жылы ауданда кіші кәсіпкерліктің баяу дамуын ескере отырып, облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының қолдауымен «Жалағаш ауданының экономика салаларын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған Жол картасы» бекітілді.
  • Жалпы жол картасы бойынша 3 млрд. 710 млн. теңгенің 32 жобасын іске асыру жоспарланып, 603 жұмыс орнын ашу көзделген.
  • Бүгінгі таңда осы 32 жобаның басым бөлігі аяқталып, 569 жұмыс орындары ашылды. Ал бір жоба бойынша өнім өндіретін кәсіпорын ашу жұмыстары басталып, 2018 жылы аяқталады. Қаржы мәселесі шешілмеуіне байланысты 1 жоба орындалмай отыр. («МегаАгро» ЖШС-нің 3000 басқа арналған мал бордақылау алаңы).
Жол картасы аясында іске асырылып жатқан ірі жобалардың бірі жеке кәсіпкер Б.Ұзақовтың «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің бойындағы «С» санатты кешен құрылысына 250 млн. теңге (115 млн. теңге кредит) жұмсалып, пайдалануға берілді. Жоба бойынша 25 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілетін болады.
Шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар аясында 2017 жылы жалпы құны 1 млрд. 408,4 млн. теңгені құрайтын 174 жоба қаржыландырылды.
09 ақпан 2018 ж. 1 031 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930