» » Индустрияландыру бағдарламасы аясында 6 жоба жүзеге асырылуда

Индустрияландыру бағдарламасы аясында 6 жоба жүзеге асырылуда


Қызылорда қаласында индустрияландыру картасына енгізілген құны 49 млрд. 400 млн. теңгені құрайтын 6 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді.

Оның айтуынша халықтың игілігі үшін іске асырылып жатқан жобалар қала қазынасын арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді.
«Қызылорда қаласында өткен жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 261 млн. 700 мың теңгені құрайтын 55 жоба қаржыландырылды. Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Өңірлік үйлестіру кеңесі 6 млрд. 754 млн. теңгені құрайтын 83 жоба мақұлдады, 29 жобаға 43 млн. 310 мың теңге қайтарымсыз қаражат беріліп отыр.  Барлық жобаның басты мақсаты, халықтың игілігі үшін қала қазынасын арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу. Осындай жаңа бастамалардың арқасында жыл көлемінде 5 мың жаңа жұмыс орны ашылды", дейді қала әкімі халыққа есеп беру кездесуінде.
Айта кетейік, облыс бойынша нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің 50 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде. Өткен жылы қалада  25 мың 665 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. 2017 жылы қала кәсіпкерлерінің қаражаты есебінен жалпы құны 6 млрд. 465 млн. теңгені құрайтын 176 кәсіпкерлік нысан іске қосылып, онда жаңадан 1 мың 760 жұмыс орны ашылды.
                                                                                                                                                   
Фариза Омарова
02 ақпан 2018 ж. 1 269 2

Гость Jeaplause от 25 ақпан 2019 22:22
Pastilla Cialis viagra online prescription Buy Amoxicillin For Humans Priligy From India

Гость Jeaplause от 14 наурыз 2019 21:41
Cialis Todos Los Dias Kamagra Jelly Side Effects Clomid A Acheter viagra online Cialis Rezeptfrei 5mg