» » ЭНДОКРИНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ТЕРАПИЯ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЛИНИКАСЫ АШЫЛДЫ

ЭНДОКРИНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ТЕРАПИЯ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЛИНИКАСЫ АШЫЛДЫ


Қызылорда қаласында эндокринология және жалпы терапия медициналық клиникасы ашылды.
Ашылу салтанатына арнайы қатысқан қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы, қала тұрғындарын жаңа заманауи клиниканың ашылуымен құттықтап, жоба жетекшісіне алғысын жеткізді.
- Кез келген мемлекеттің ең басты байлығы, бұл – адами капиталы. Біздің басты мақсатымыз да, халықтың әлеуметтік жағдайымен қатар рухани және денсаулық жағдайын жақсарту болып табылады.
Өздеріңіз білесіздер, соңғы жылдары біздің өңірімізде жергілікті инвесторларды тарта отырып, мемлекеттік - жекеменшік әріптестік аясында қала халқына қажетті түрлі әлеуметтік нысандардың саны артып келеді.
Қаламызда денсаулық сақтау нысандарының санын арттырып отырғаны үшін жоба жетекшісі Ким Сергей Романовичқа риясыз алғысымды білдіремін және жаңа бастамаларыңызға табыс тілеймін. Жаңа медициналық клиника құтты болсын ағайын! Жаңадан ашылғалы тұрған бұл ғимарат, халықтың игілігі үшін қызмет етсін. – деді қала әкімі Н.Нәлібаев.
«Агрохимсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырған бұл жобаның жалпы құны – 550 млн. теңге болса, оның 130 млн. теңгесі Даму қоры арқылы жеңілдетілген несиемен қаржыландырылған.
1 мың 200 шаршы метрді құрайтын жаңа клиника қала халқына медициналық көмек көрсетуге қажетті заманауи құралдармен қамтамасыз етілген және жалпы терапиялық қызмет көрсетеді.
Ең маңыздысы, бұл клиника 40 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.

07 қаңтар 2018 ж. 1 106 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031