» » Қызылорда және Маңғыстау облыстарында бала өлімі азайды

Қызылорда және Маңғыстау облыстарында бала өлімі азайды


2015 жылы ЮНИСЕФ пен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі  енгізген бағдарлама нәтижесінде екі облыстағы балалар өлімі едәуір азайған.  
"Патронаж мейірбикелері көмекке мұқтаж отбасыларға дер кезінде келу арқылы көптеген жарақаттар мен оқыс оқиғалардың алдын алды. Олардың өлшеусіз еңбегінің арқасында балалар өлімі азайды. Бағдарлама арқасында екі облыстағы 1-5 жас аралығындағы өлім деңгейі 1,5 есеге кеміген. Іс жүзінде балалар өлімі жоқ деуге болады, жарақат алу көрсеткіші де айтарлықтай төмендеді", - деді ЮНИСЕФ-тің ерте жетілу бойынша Қазақстандағы ұлттық сарапшысы Баян Бабаева Астанадағы жоба нәтижелеріне арналған конференцияда. Сарапшының айтуынша, Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында жүзеге асырылған пилоттық жобаны Оңтүстік Қазақстан облысына да енгізіу жоспарланып отыр.
"Жалпы алғанда, бұл жүйе кеңестік кезеңде де бар еді. Алайда патронаж және үйге барып емдеу жүйесі уақыт ағымына сай келе қоймады, патронаж қызметкерлері медициналық мәселелермен ғана шектелді. Дегенмен, денсаулық мәселесінің таза медициналық еместігін жақсы түсінеміз. Бұл өте ауқымды мәселе. Адам психологиялық және әлеуметтік тұрғыда да сау болуы керек", - деп өз сөзін толықтырды ол.
Жоба аясында мейірбикелердің біліктіліктерін арттыру жұмыстары жүргізілген.
"Атап айтқанда, оларға баланың оқу қабілетіне және жалпы денсаулығына әсер ететін қауіп-қатерлерді ерте жасында және дүниеге келмей тұрған жүктілік кезінде анықтау жолдарын үйреттік. Бұл жерде тамақтанудан басқа, дұрыс эмоциялық орта, дұрыс тәрбие және отбасындағы балаға деген дұрыс қарым-қатынас ерекше маңызды. Арнайы білім алған патронаж мейірбикесі барлық қауіп-қатерді анықтап, отбасына хабар беретін болады", - деді Баян Бабаева.
Екі жылға жуық уақыт ішінде қос өңірдегі патронаж қызметтеріне жалпы қанағаттану деңгейі 14%-ға өскен. Денсаулыққа қауіп төндіретін үш үрейлі белгіден хабардар жүкті әйелдер саны 63%-ға артқан. Емдеуге болатын сырқаттардан, жарақаттардан туындайтын балалар өлімі азайған және тек ана сүтімен тамақтанатын жаңа туған нәрестелер үлесі 14%-ға көбейген.
02 қаңтар 2018 ж. 1 455 2

Гость Jeaplause от 14 ақпан 2019 11:58
Plavix Online Prices Offres De Dapoxetine Cialis 5mg Cp cialis prices Active Ingredient In Maxalt Kamagra Kidney Best Prices For Viagra 100mg

Гость Jeaplause от 5 наурыз 2019 23:21
Getting Viagra Fast. cialis 5 mg Viagra Imagen

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031