Қазақстан республикасында МӘМС енгізу жөніндегі өзекті сұрақ-жауап Сұрақ: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өтпелі кезеңде қандай қызмет атқармақ? ӘМСҚ қызметінің ашықтығын бақылау қалай жүзеге асырылмақ? Жауап: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қор КТМКК операторы (медициналық қызметтер үшін бірыңғай ақы төлеуші) болады. Бұл медициналық қызметтердің жоспарлау, сатып алу, сапасын бақылау және ақы төлеу тетіктерін жасауға, сондай-ақ төлемдік ақпараттық жүйе жұмысын жолға қоюға, жаңа тарифтік саясатты енгізуге мүмкіндік береді. Аталған шаралар МӘМС шарттары бойынша Қордың 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істеуге толық дайын болуын қамтамасыз етеді. Жұмыс берушілерден жарна жинау үдерісін сақтау ұсынылатын өтпелі кезең, бір жағынан, медициналық сақтандыруға көшуде денсаулық сақтау саласының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті қаражатты жинақтауға және жеткілікті медициналық қызмет пакеті арқылы сақтандырылатындығына сенімді болуға мүмкіндік береді. Жиналған қаржының бір бөлігі Ұлттық банк талап еткен Қордың тұрақтылығын қамтамасыз ететін қор резервін қамтиды. Қалған ақша МӘМС аясында сақтандырылғандар үшін медициналық қызметтер пакетін кеңейтуге жұмсалады. Қазіргі уақытта «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-на түсіп жатқан жарналар мен аударымдар ҚР Ұлттық банкіндегі шоттарда сақталады, яғни медициналық қызметтерге ақы төлеу басталғанға дейін қаржының толық сақталатынына кепілдік береді. Реформалау барысы мен МӘМС жетілдіру шараларын бақылау мақсатында ҚР ДСМ Қоғамдық кеңесінің жанынан «Атамекен» ҰКП, басқа да ҮЕҰ мен денсаулық сақтау саласындағы сарапшылардың қатысуымен, тұрақты жұмыс істейтін МӘМС енгіу жөніндегі комиссия құрылатын болады. Қоғам 06 қаңтар 2018 ж. 2 024 0