» » АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ – БӘРІНЕН ҚЫМБАТ

АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ – БӘРІНЕН ҚЫМБАТ

Аудан бойынша 1 аудандық, 10 дәрігерлік емхана, 3 медициналық пункт, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 аудандық, 4 ауылдық аурухана халыққа медициналық қызмет көрсетеді.

Бүгінде аталған емдеу мекемелерінде 93 дәрігер мен 479 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс жасайды. 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігермен қамтылу 27,1 пайызды құрап отыр.
Өткен жылы өңірде 38 052 аурушаңдық тіркелген болатын. Оның ішінде балалар саны 9 мың 818-ге жетсе, жасөспірімдер қатары – 1794, ересектер – 26440 адам. Сондай-ақ, 18 мың 599 адам алғаш рет тіркелген ауруларға шалдыққан.
Денсаулық саласы бойынша ауданда өткен жылы дүниеге келген бала саны 639-ға жетті. Алдыңғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 5 балаға төмендеген. Керісінше шетінеген бала саны – 5, былтырғы жылмен салыстырғанда 1 балаға көбейіп отыр. Ал, қайтыс болған адамдар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда төмендеген.Туберкулез дертіне шалдыққан 21 адам тіркеліп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8 адамға азайған.
Биыл Жалағаш аудандық орталық ауруханасының жаңа ғимараты құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін 32 млн теңге қаралған еді. Жобалау-сметалық құжаттамалар дайын болғаннан кейін республикалық бюджет қаражаты есебінен аурухана құрылысы салынатын болады. Мамандар өз жұмысына жауапкершілікпен қараса, мемлекет оларды жаңа ғимаратпен қатар озық технологиялармен де қамтамасыз ететіні анық.


К.БАЛҒАБАЙ.
06 ақпан 2018 ж. 1 854 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 784

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031