» » ЖҰМЫСЫНА САЛҒЫРТ ӘКІМДЕР ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТУІ МҮМКІН

ЖҰМЫСЫНА САЛҒЫРТ ӘКІМДЕР ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТУІ МҮМКІН

Аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігінің кеңейтілген мәжілісі өтті. Басқосуға кент, ауыл әкімдері мен мекеме, бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынды өңір басшысы ашып, күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырды. Алдымен, ауданның 2017 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2018 жылға арналған міндеттер жөнінде аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.Баймаханова хабарлама жасады. Өткен жылы Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер мен аудан әкімінің іс-қимыл жоспарын орындау және жалпы ауданның әлеуметтік-экономикалық өсімін қамтамасыз ету бойынша біршама жұмыстар атқарылған. Нәтижесінде, аудан экономикасында тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері артты. Дегенмен, әлі де жұмысты ширата түсу керектігі байқалды.
– Өнеркәсіп өнімдерін өндіру, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі бойынша жыл сайын өсу қарқыны сақталып келеді. Есепті кезеңге 8,7 пайызға еселеніп, 4,1 млрд. теңгеге жетті. Негізгі қорға тартылған инвестицияның бағалау көлемі 3 есеге артып, 5 млрд 908 млн.теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 13 млрд 896 млн теңгенің өнімдері өндіріліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 4,4 пайызға артты. Өткен жылы ветеринариялық іс-шараларды атқаруға 63 млн. теңге қаржы бөлініп, нәтижесінде эпизоотиялық және энзоотиялық жағдай тұрақты сақталды. Ал, құрылыс жұмыстарының көлемі 2 млрд. 516 млн.теңгені құрап, өсім 2 есеге артты. Бөлшек сауда көлемі 2173,4 млн.теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне 10,2 пайызға артты. Аудан бюджетінің нақтыланған жалпы түсімдері 7 млрд. 584 млн теңгеге орындалды. Оның ішінде жергілікті кірістердің орындалуы 1 млрд 221 млн теңге. Осы ретте айта кету қажет, өткен жылдың жергілікті кірістердің болжамын орындау мақсатында жыл аяғында аудан бюджетінің шығыстар бөлігінде бюджеттік бағдарламаларға қаралған 14,4 млн теңге қаржыға секвестр жасалып, сәйкесінше кірістер бөлігінде заңды тұлғалардың мүлік салығының жоспары қысқартылды. Сонымен бірге, кент, ауылдық округтердің қолма-қол бақылау шоттарына 6 салықтың түрінен 48,3 млн теңге, 5 түрлі түсімдерден 1,2 млн теңге түскен. Шағын және орта кәсіпкерлік бойынша 2017 жылы ауданда 2373 шағын кәсіпкерлік субьектілері тіркеліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,6 пайызға немесе 208 субъектіге артты. Бұл шағын кәсіпкерлік субъектілерінде 8482 адам жұмыс істейді. Өндірілген өнім 1131,1 млн теңгені және бюджетке түскен салық 133,2 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,7 пайызға және 36,5 пайызды құрайды. Шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар аясында 2017 жыл басынан жалпы құны 1 млрд 408,4 млн. теңгені құрайтын 174 жоба қаржыландырылды. Мемлекеттік бағдарламалардан тыс жеке қаражат есебінен ағымдағы жылы жалпы құны 630,5 млн теңгені құрайтын 23 жоба іске асырылып, 129 жаңа жұмыс орны ашылды. Осы ретте кейбір елді мекендерінде кәсіпкерлікті дамыту баяу екендігі байқалады, – деді Ж.Баймаханова. Сондай-ақ, ол мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асқан жобалар жайын хабарлап, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және қоғамдық тәртіп бойынша әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды.

Аудан экономикасына талдау жасап, қаржының игерілу жайын хабарлаған сала басшысы жоғарыда айтылған 5 кіріс көздері бойынша мүлдем түсім түспеген ауылдарды да атап өтті. Сондай-ақ, жыл басында халық алдында есеп беруде Бұқарбай батыр, Аламесек, М.Шәменов ауылдық округтерде тұрғындар тарапынан жол жөндеу мәселесіне қатысты ауылдық округтер әкімдері тарапынан елді мекендердің ішкі көшелерін жөндеуге жоба-сметалық құжат әзірлеуге бюджеттік өтінім тапсырылмағаны белгілі болды.
Бұл мәселелерді назарға алған аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев өткен жылы өңірде көптеген көрсеткіштер орындалғанымен кейбір салада осындай кемшіліктер бар екендігін айтып, алдағы уақытта аталған тиісті сала басшыларына жұмысты одан әрі ширату керектігін тапсырды.
Сонымен бірге, білім саласына қатысты соңғы жылдардағы статистикалық көрсеткіштер айтылды. Мәселен, ҰБТ қорытындысымен облыс бойынша алдыңғы қатардан көрініп, жоғары баллға қол жеткізген аудандағы білім ошақтарының ішінде №188, №203, №124, №232 орта мектеп және кенттегі №31 орта мектеп-гимназиясы соңғы үш жылда ҰБТ көрсеткіші бойынша баллдық көрсеткіштері төмен екендігі айтылды. Аудан бюджетінің тең жартысы білім саласына жұмсалатынын ескерсек, білім деңгейін көтеруге толық мүмкіндік бар. Аудан басшысы Қ.Сәрсенбаев аталған мектеп директорларын тұрғызып, білім сапасын арттыруды қадап тапсырды.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе «Жер ресурстарын пайдалану жағдайы мен жер заңдылықтарын сақтау» жөнінде аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Байболовтың хабарламасы тыңдалды. Оның сөзінше, қазіргі таңда, мал, егін шаруашылығымен айналысуға ниетті кәсіпкерлердің қатары артып келеді. Сол себепті соңғы жылдары жер сұраушылар көбейген. Енді, өз мақсатында пайдаланбаған жерлер қайтарылып, жер алуға өтініш білдіргендерге үлестіріліп берілмек.
Халықтың тұрмыстық әл-ауқатын жақсартуға бағытталған ұтымды жобалардың бірі – «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы». Мұның ауданда орындалу барысымен аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Б.Ибраева таныстырды. Баянды бағдарламаның бірінші бағытында қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету көрсетілген. Бұл бойынша аудандық комиссияның шешімімен әрбір елді мекенде тегін техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға үміткерлер тізімін қалыптастыру бойынша мобильді топтар құрылыпты. Жоспар бойынша 50 адамды оқыту көзделген болса, жыл көлемінде аудандық комиссияның шешімімен 78 адамның тізімі бекітіліп, аудандық білім бөлімі арқылы оқу орындарына жолдама берілген.
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша әлі де жетілдіретін тұстары анықталды. Мәселен, кәсіпкерлікке оқытуға Ақсу ауылынан бірден бір адам жіберілмепті. Сондай-ақ, Еңбек, Жаңадария, Мәдениет ауылында кәсіпкерлікті дамыту бағытында ұсынылған 29 жоба қаржыландырылмаған. Аудан басшысы тиісті сала басшылары мен ауыл әкімдеріне «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында оқыту, кәсіпкерлікке тарту бойынша нақты жұмыс жасауды тапсырды. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында алынған несиенің қайтарымы жайы да сөз болды. "Байқоңыр" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ҰК арқылы таратылған несиенің 370 млн теңгесі қайтарылуы керек болатын болса, соның 129,1 млн теңгесі немесе 34,9% ғана қайтарылған. Осы мәселеге қатысты аудан әкімі сала басшыларына бірқатар тапсырма берді.
Ал, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ж.Еспенбет биылғы жылға арналған кәсіпкерлікті дамытудың Жол картасын бекіту жайын хабарлады. Облыс әкімінің 2018 жылды кәсіпкерлікті дамыту жылы деп жариялануына байланысты, бірқатар жобаларды жүзеге асырылу көзделуде. Соның бірі – ауданда облыстық деңгейдегі кәсіпкерлер форумын өткізу. Ауданда кәсіпкерлік саласын дамытуға барынша көңіл бөлініп келеді. Ендігі жерде, іскер азаматтарды қолдау шаралары одан әрі жетілдірілмек. Осы бағытта бірлесіп жұмыс жасауға шақырған Ж.Еспенбет жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы дайындық жұмыстарды тағы бір пысықтап алды.
– Ауыл әкімдері елді-мекендерде кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарды жұмыспен қамту, ауылдың экономикасын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жасауы керек. Ал, қазір ауылдарда 34 кәсіпкер жұмысын тоқтатқан. Алдағы уақытта нақты жұмыс жасап кететін азаматтарды оқытып, соларға қаржы үлестіретін боламыз. Ауыл әкімдері осы бағытта жұмысты ширатулары тиіс, – деді аудан әкімі. Сондай-ақ, өңір басшысы бұдан былай жұмысқа салғырттық танытқан ауыл әкімдері қызметінен кетеді деп ескертті.
Жалпы, жиында 6 мәселе қаралып, жан-жақты талдау жасалды. Оның ішінде, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жасалған меморандумдардың орындалу барысы, салық базасын ұлғайту бағытында атқарылған жұмыстар мен биылғы жылға арналған міндеттер секілді маңызды мәселелер бар. Жиын соңында қосымша хабарлама жасаған аудан әкімі аппаратының басшысы Ш.Қалыбаев өткен жылы аудан бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылған шаралар туралы, орындаушылық тәртібі және мекеме, бөлім, ауыл әкімдеріне берілген тапсырмалардың орындалуы барысын мәлімдеді.
Берілген тапсырма дер кезінде орындалуы тиіс. Сонда ғана жұмыс өнімді болмақ. Осы тұста, тағы да ауыл әкімдері ескерту алды. Хабарламашының сөзінше, кейбір ауылдық округ әкімдігіне жіберілген хатқа уақытылы жауап берілмейтіні былай тұрсын, тіпті, айлап кешігетін кездер де болыпты. Бұлай жалғаса берсе, жауапты мамандардың жұмыс тәртібі қаралатындығы ескертілді.
– Биыл аудан көлемінде көптеген жобалар жүзеге аспақ. Ел игілігі үшін жасалатын жұмыстарды жүйелі ұйымдастыра білуіміз қажет. Бүгінгі жиында көптеген маңызды мәселелер айтылды. Сол үшін тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауда болады, – деді аудан басшысы жиын соңында.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ,
Маханбет АХМЕТОВ (сурет).


06 ақпан 2018 ж. 1 237 2

Гость Jeaplause от 23 ақпан 2019 05:02
Durata Effetto Levitra generic viagra Comprar Viagra Sin Receta Medica Espana Will Cephalexin It Treat Strep Throat

Гость Jeaplause от 12 наурыз 2019 08:55
Cialis Generico Opiniones dapoxetine for sale in australia Td Bank Viagra Without A Prespurchase Female Viagra Online

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 784

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031