ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР өркениетке жол ашады
Кеше аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың төрағалығымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты кезекті Жолдауын талқылауға арналған актив жиыны өтті. Басқосуға бөлім, мекеме басшылары, ардагерлер және БАҚ өкілдері қатысты.
Аудан басшысы кіріспе сөзінде еліміздің әлемдік қауымдастық алдындағы бүгінгі беделі мен экономикалық даму қарқынына тоқталды. Бүгінде Қазақстан төрткүл дүниеге бейбіт сүйгіштігімен танылды. Елде жүргізіліп жатқан реформалар өз жемісін беріп, экономикамыз жыл санап өсу үстінде. Мұның барлығы Ұлт көшбасшысы, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегімен жүзеге асуда. Сондай-ақ, Қайратбек Әубәкірұлы Елбасының жыл басындағы АҚШ-қа сапары жайына тоқталып өтті. Тарихи оқиғаның абыройымызды одан әрі асқақтатып, беделімізді биіктеткенін тілге тиек етті. Ал, Жолдау жайындағы баяндамасында негізгі бағыттарға жеке-жеке тоқталып, оны іске асырудағы міндеттерді жеткізді.
– Биылғы Жолдаудағы міндеттердің ең маңыздысы – тұрақтылық. Оны қамтамасыз ету үшін даму деңгейі мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек. Бұл мақсаттарға жету үшін елдің жаңа заманның жаңа шақыруларына лайықты жауап беретіндей қауқары мен интеллектуалдық әлеуеті жоғары болуы тиіс. Сондықтан, Жолдауда қоғамның барлық салаларын цифрландыру, заманауи технологияларды ендіру жайында кеңінен айтылды. Біз төртінші өнеркәсіптік революция кезеңінде тұрмыз. Осы ретте, Жолдаудың 10 міндеті – ел дамуының жаңа тынысы болмақ, - деді аудан әкімі.
Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс. Жолдаудағы бірінші міндет – осы. Қазақстандағы индустрияландырудың басты мақсаты - елдің экспортындағы шикізат емес өнімдердің үлесін арттыру. Аудан әкімі мемлекет өндеу өнеркәсібін, дайын өнімдер өндірісін және экономиканың баламалы секторларын дамытуға мүдделі екендігін айтты. Бұл орайдағы толағай табыстар дегенде елімізде бірінші бесжылдық қорытындысы бойынша 400-ге жуық жаңа өнім түрлері іске қосылды. Автомобиль жасау, теміржол машиналарын жасау, тікұшақ жасау, күн және жел энергетикасы сияқты өнеркәсіп салалары дамуда. Елбасы биылғы Жолдауда индустрияландырудың екінші бесжылдығы жаңа технологияларды енгізудің флагманы болуға тиістігін мәлімдеді. Қайратбек Әубәкірұлы ауданымыз бұл міндеттерді жүзеге асыруда өз үлесін қосуы қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, өңір басшысы Жолдауда айқындалған өзге міндеттер жайында да кеңінен әңгімеледі. Аймағымызда аграрлық сала кең қанат жайғандықтан, бұл бағытта жаңа технологияларды енгізу күн тәртібінде тұруы тиіс. Сонымен қатар, білім-ғылымды дамыту мақсатында атқарылар шаралар ауқымды. Бүгінгі таңда әлемде «ақылды қалалар» шоғыры пайда болды. Астанамыздың жеткен жетістігіне, даму қарқынына дұшпан күйініп, дос сүйсінеді. Келешекте елордамыздың «ақылды қалалар» тізімінен ойып орын алары даусыз. Ал, өзге қалалар бас қалаға қарап бой түзеуі тиіс.
Цифрландырудың негізі – ғылым мен жаңа технологияда. Яғни, қазіргі таңда жұмыстың дені компьютер мен ғаламтор ғажайыптары арқылы жүзеге асады. Сондықтан, аймақ басшысы алдағы уақытта барлық елді мекендердегі интернет желісін дамытудың күн тәртібінде тұрғанын айтты.
Жиында, сонымен қатар, «Сыр медиа» ЖШС жанындағы ақпараттық талдау орталығының директоры Сәулет Сахиев, №201 мектеп директоры Талғат Садықов, Сырдария аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Фархад Абжаппаров, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ бөлім басшысы Айдос Қожамұратов баяндама жасап, Жолдауда көтерілген мәселер бойынша өз пікірлерін ортаға салды.
Н.ТАСТЕМІР.