Қанат Еңсенов: Ғылыми-техникалық салаларды дамыта түсеміз
«Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында 10 басым бағытты атап көрсетті. Бұл Жолдаудың негізгі мазмұны қазіргі жаһандық жағдайда әлем елдерінің көшінен қалмай, ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін ғылыми-техникалық, ақпараттық-технологиялық салаларды дамыту және адами капитал – жаңғыру негізі екендігін атаған. Жолдау жолдарында көрсетілген өзекті мәселелердің барлығы жаңа заманға лайықты даму бағытында оң өзгерістер мен дамуға бастайтын маңызды бағыттар. Еліміздің қарқындап даму мүмкіндіктері зор. Өйткені, Қазақстан Еуропа мен Азияның арасындағы «Алтын көпір» сияқты мемлекет. Геосаясатта орналасу жағдайы, табиғат байлықтары мен қарым-қатынас жасайтын көршілес мемлекетері бар. Қолайлы мүмкіндіктері де жеткілікті. Дипломатияда көпвекторлы сыртқы саясатта қарым-қатынасты алыс және жақын шетелдермен орнатқан мемлекет», - дейді тарих ғылымдарының кандидаты Қанат Еңсенов.