» » САЯСИ ҚҰЖАТ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

САЯСИ ҚҰЖАТ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

Елбасы жыл басындағы Қазақстан халқына Жолдауын «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп атады. Білім мен ғылымға жақын әрі жұмысына жауапкершілікпен қарайтын жандарға төртінші өнеркәсіптік революция үлкен мүмкіндік береді. Ал, ынтасы жоқ, бір жағынан кез-келген іске қабілетсіз адамдарға бұл үлкен қиындық туғызады. Өйткені, өнеркәсіптік төңкеріс күнделікті көз алдымызда жүріп жатыр. Цифрландыру өнеркәсіп пен кәсіпорындардағы жұмыс орнын азайтады. Бірақ, өндіріс көлемі мен өнім сапасы жақсарады. Бұл ел қазынасы үшін өте пайдалы әрі қажет. Өйткені, әлемнің дамыған елдері де осы бағытпен жұмыс жасап жатыр.Елімізде жаңа мамандық игеру үшін барлық жағдай жасалған. Шын ізденемін деушілердің арнайы семинарлар мен курстардан тегін өтуіне мүмкіндігі мол. Сол арқылы өз өңіріңізге қажетті жаңа мамандық алуға болады. Мұнан бөлек кәсіптік-техникалық мектептерде де ақысыз білім алуға мүмкіндік бар. Ол білім ошақтары даярлайтын мамандықтар барлық мекемеге қажет. Шынында адам білімін жаңа сатыға көтеруге әрдайым дайын болуы керек әрі оған өзі ынталануы қажет. Онсыз бүгінгі өзгерістерге ілесе алу мүмкін емес. Бұл жұмыссыздықтың пайда болуына әкеледі. Осыдан бірнеше жыл бұрын ірі дүкендерде бірнеше бөлім жұмыс жасайтын. Тіпті түрлі өнімдерді әр жерде бөлек сататын бір-бір дүкеншіден тұратын еді. Қазір бір ғана сатушыдан қалаған тауарыңызды саудалап, шығарда касса қызметкерімен есеп айырысасыз. Кейбір дамыған шет елдерде дүкеншілер де жоқ. Сатып алатын өнімдерді смартфон арқылы тіркеп, қолда бар қаржыны дүкен онлайн түрде өзі алып қалады. Міне, осындай оңай жүйеге көшудеміз. Бүгінде көптеген функцияны бір ғана смартфон атқарады. Шет мемлекеттермен де жылдам байланыстырады.
Елбасы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, жаңа кәсібін бастаушыларға қолдау көрсету керектігін талай мәрте айтқан болатын. Бұл ретте қандай тетіктерді ұсынуға болады? Әрине, кәсіппен айналысушыларды қолдау қажет. Себебі жұмыссыз қалғандардың кейбірі жаңа мамандықты оқығысы келмейді, керісінше жеке кәсіп ашсам дейді. Сондықтан, шағын кәсіпкерлікті қолдауға көп көңіл бөліну керек. Оларға несие алу, қайта оқу, бизнес модель жасау жағынан көмек көрсетілер болса, уақыт өте кәсібінің жанданары сөзсіз. Осылайша, қоғамда шағын бизнес нысандары көптеп ашыла бастайды. Аймақтарда шағын бизнесті құруға мүмкіндік мол. Оның ішінде Сыр елі де шағын кәсіппен айналысамын деушілерге қолайлы өңірлер қатарында. Дамыған елдердің көбіне шағын және орта кәсіпкерлік тән. Облыста кәсіппен айналысуға ынталыларға барынша қолдау көрсетіліп, несиеге қол жеткізген тұлғалардың өз ісін өрістетуіне де жол ашылып отыр.
Биылғы Жолдау «100 нақты қадам», үдемелі индустриялық-инновациялық даму, «Рухани жаңғыру» сияқты ауқымды бағдарламаларда көрсетілген бағыттардың жалғасы іспетті. Заман өзгерген соң біз де өзгеруіміз керек. Адами капиталды қалыптастыру – ең негізгі межеміз. Адами капитал арқылы жаңа білім мен кәсіпті игеріп, санада да, қоғамда да айтулы өзгерістер жасап, алпауыт елдер қатарына қосыла аламыз. Ол үшін Елбасы жолдауындағы маңызды міндеттердің барлық аймақта жүйелі түрде жүзеге асуына жауапкершілікпен жұмыс жасауымыз керек.

13 қаңтар 2018 ж. 1 458 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930