Дәулетқазиев: Цифрлық Қазақстан – уақыт талабы
«Президент Жолдауы Қазақстан халқының және билігінің алдындағы шешілуге тиісті мақсат-міндеттер, жоспарлар мен шаралардан тұрады. Ал, ондағы ең негізгі мақсаты – қазақстандықтардың әл-ауқатын көтеру, өмір сүру сапасын жақсарту. Жаһанданған әлемде ешбір мемлекет экономикалық дағдарыстардан тыс қала алмайтыны белгілі. Жолдауда дағдарыс туралы айтып өткен Мемлекет басшысы соған қарамастан, әлемнің санаулы мемлекеттері қатарындағы Қазақстан әлеуметтік салаға жұмсайтын шығындарын арттыра алғандығын мәлімдеді», - дейді ол.
Елбасы Жолдауында республикалық бюджеттің әлеуметтік салаға бөлінген шығыны 2018 жылы 12 пайызға өсіп, 4,1 триллион теңгеден асты. Әлеуметтік төлемдерді, соның ішінде зейнетақыны өсіру 3 миллионнан астам қазақстандықтың табыстарын көбейтеді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 8 пайызға артты делінген.
«Қазір қол қусырып қарап отыратын кез емес, керісінше қарқынды даму кезеңі. Сондықтан, Қазақстанды цифрландыру жүйесі өзекті мәселенің бірі саналады. Президенттің Жолдауы арқылы ұсынылған ел дамуының негізгі бағыты – цифрландыру болып отыр. Қай салада болмасын, сандық жүйемен жұмыс жасау әлдеқайда тиімді. Біріншіден, уақытты үнемдесе, екіншіден заман көшімен жүреміз. Сондай-ақ, бұл үдеріс ғылым мен технологияның дамуына оң әсерін тигізері сөзсіз», - деп сөзін түйіндеді Дәулетқазиев.