» » » ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ ТИІС

ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ ТИІС

Жуырда ғана Елбасы халыққа кезекті Жолдауын арнады. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты құжаттың бұл жолғы бағыты өзгеше.
Мұнда дамуға бағыт алған тәуелсіз мемлекеттің өркениетті елге айналуға барлық мүмкіндіктері қарастырылған.
Жолдауды қазірде зиялы қауым өкілдері мен халық болып қызу талқылап жатыр. Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев актив жиынын өткізіп, Жолдауда көрсетілген міндеттерге тоқталды және олардың бірқатары қазірдің өзінде Сыр өңірінде жүзеге асырылып жатқанын айтты.
Иә, бүгінде әлем ғарыштық жылдамдықпен дамып келе жатыр. Сайып келгенде Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы да осыны көздейді. Ендеше, ғалам өзгеріп жатқанда бізге көш соңында қалуға болмайды. Техникалық прогресске ілесуіміз керек және біз бұған мәжбүрміз. Өйткені, Қазақстан алдына ұлы мақсаттар қойып, дамыған отыз елдің қатарына енуге бағыт бұрды. Ал, дамушы елдер жаһандық өркениетке ұмтылып, жаңа жүйеге көшуі керек.

Мейрамбек ЕСПАНОВ,
аудандық мәслихат хатшысы.

23 қаңтар 2018 ж. 1 234 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 256

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031