» » Чемпиондар лигасының финалы биыл да Стамбулда өтпейді

Чемпиондар лигасының финалы биыл да Стамбулда өтпейді

Чемпиондар лигасының финалы биыл да Стамбулда өтпейді

Футболдан Чемпиондар лигасының финалы Портудағы "Драгау" (Португалия) стадионында өтетін болды. Осылайша жанкүйерлер асыға күткен маусымның басты ойыны биыл да Стамбулда болмайды.

Стамбулда 2020 жылғы Чемпиондар лигасының финалы өтуі керек болған. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты ширек финалдан бастап ойындардың бәрі Лиссабонға ауыстырылған еді. Биыл да коронавирус кедергі болды. Түркия карантин ережесі бойынша Ұлыбританиядағы "қызыл тізімдегі" елдер қатарында. Одан өзге елде локдаун жарияланған. Сондықтан UEFA финал өтетін орынды ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Финалда кездесетін "Манчестер Сити" мен "Челси" командалары арасындағы ойынға жанкүйерлер кіре алады. Онда да әр команданың 6 мың жанкүйеріне рұқсат берілмек. Карантин талаптары қатаң сақталады. Сондай-ақ жанкүйерлердің кіру жайын UEFA мен Португалия билігі әлі де талқылайтын болады. Билеттердің сатылымы 24 мамырда шығады деп күтілуде.

Чемпиондар лигасының биылғы финалы 29 мамыр күні өтеді. Ойынға испан төрешісі Антонио Матеу Лаос қазылық жасайды.

14 мамыр 2021 ж. 7 525 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 121

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930