» » "11 жыл күткен": Спортшыға жаттықтырушысы Олимпиада кезінде тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады

"11 жыл күткен": Спортшыға жаттықтырушысы Олимпиада кезінде тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады

Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындары кезінде тағы бір қызықты жайт орын алды. Бұл жолы аргентиналық спортшыға жаттықтырушысы тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады деп хабарлайды TyC Sports.

Токиодағы Олимпиада ойындары 36 жастағы аргентиналық семсерлесуші Мария Белен Перес Мористің есінде мәңгі қалады - ол жарыста жеңіліп қалғанымен, үйіне қалыңдық ретінде оралатын болды. 26 шілдеде өткен турнирдің 1/16 айналымында венгриялық Анна Мартоннан жеңіліс тапқан спортшыға жаттықтырушысы әрі сүйіктісі Лукас Сауседо тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған. Мария бұл сәтте Аргентина телеарнасына тікелей эфирде сұхбат беріп жатқан еді. Бір сәтте журналист семсерлесушіден артқа қарай бұрылуды өтінеді. Мария артына бұрылғанда "Сен маған тұрмысқа шығасың ба?" деген жазу көріп, таңдасын жасыра алмаған. Себебі ол мұндай ұсынысты күтпегін айтады.
Өйткені жастығын алға тартып, 11 жыл бұрын тұрмысқа шығудан бас тартқан екен. Бұл жолы Мария басын изеп, сүйіктісіне келісімін берді. Қос ғашықтың көңіл жарастырғандарына 17 жылдың жүзі болған.

Айта кетейік, бұған дейін осы Олимпиада ойындары кезінде татамиға шығайын деп тұрған шәкіртінің бетінен ұрып, сілкіп алған неміс жаттықтырушысы желіде қызу талқыға түскен еді. Кейін дзюдошы Мартина Трайдос бұған қатысты пікір білдіріп, бұл жерде тұрған ешқандай әбестік жоғын айтқан еді. "Мені жаттықтырушым жарыс алдында осылай жігерлендіреді", - дейді Мартина.

30 шілде 2021 ж. 1 019 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 815

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031