Қазақ жігіті 10 мың метр биіктікте сүйіктісіне ұсыныс жасады
Қазақстандық жігіт 10 мың метр биіктікте сүйіктісіне ұсыныс жасады. Видео YouTube хостингінің романтика бөлімінде жарияланған деп хабарлайды NUR.KZ.
Жас жігіт сүйіктісіне тосын сый жасайтынын экипаж мүшелеріне алдын ала ескертіп қойған. Бортсерік дауыс зорайтқыш арқылы Айжан есімді жолаушыға ерекше бір сый бар екенін жариялаған.
Бойжеткен келісімін беріп, жолаушылардың барлығы қол соғып, қошемет көрсетеді.
Жолаушылар мен экипаж мүшелері ғашықтарды құттықтап, оларға бақытты ғұмыр тіледі.
Жас жігіт сүйіктісіне тосын сый жасайтынын экипаж мүшелеріне алдын ала ескертіп қойған. Бортсерік дауыс зорайтқыш арқылы Айжан есімді жолаушыға ерекше бір сый бар екенін жариялаған.
"Сен мені өзгерттің. Мен сені қатты жақсы көремін. Мен үшін ең қымбат жансың. Сенімен бірге отбасын құрғым келеді. Мен әрқашан сенімен бірге боламын: жерде де, көкте де", - дейді ол.Осындай сөздерден кейін жігіт сүйіктісінің алдында тізерлеп, жүзік ұсынып, "Маған тұрмысқа шық" деп ұсыныс жасады.
Бойжеткен келісімін беріп, жолаушылардың барлығы қол соғып, қошемет көрсетеді.
Жолаушылар мен экипаж мүшелері ғашықтарды құттықтап, оларға бақытты ғұмыр тіледі.
Пікір 2