» » ҮНДІСТАН ҮШ ДОЗАЛЫ ЖАҢА ВАКЦИНАНЫ БЕКІТТІ

ҮНДІСТАН ҮШ ДОЗАЛЫ ЖАҢА ВАКЦИНАНЫ БЕКІТТІ

Үндістан төтенше жағдайда қолдануға арналған әлемдегі бірінші коронавирусқа қарсы ДНҚ вакцинаны мақұлдады. Препарат Zydus Cadila (ZyCoV-D) деп аталды.

Ол биотехнология департаментімен бірлесіп жа­салған және Үндістанда төтенше жағдайда қолдануға рұқсат етілген Bharat Biotech's Covaxin-ден кейінгі екінші жергілікті вакцина болып табылады. Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға жедел вакцина салу бүкіл ел бойынша 28000-нан астам еріктілер қатысқан сынақта 66,6 пайыз тиімділігін көрсеткен.

ZyCoV-D вакцинасы вирустың кейбір генетикалық мате­риал­дарын қолданатыны хабарланды. Ол им­мундық жүйе танитын және оған жауап беретін белгілі бір ақуызды жасау үшін ДНҚ түрінде нұсқаулар береді. Бір немесе екі дозаны қажет ететін көптеген COVID-19 вакциналарынан айырмашылығы ZyCoV-D үш дозада беріледі. Өндіруші – Cadila Healthcare, ол жылына 100-120 миллион доза ZyCoV-D шығаруды жоспарлап отыр.

“ЖЖ” ақпарат



24 тамыз 2021 ж. 1 122 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30