» » Мектеп оқушыларына вакцина салу басталды

Мектеп оқушыларына вакцина салу басталды

Чили мектептерінде 6 мен 11 жас аралығындағы оқушыларға коронавирусқа қарсы вакцина салына бастады.
«Хабар 24» арнасының жазуынша, вакцина балаларға ата-анасының рұқсатымен, ерікті түрде салынады. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі хабарлаған. 

Шараға қытайлық Sinovac препараты таңдалған. 

Айта кетейік, елде 12 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдердің 84 проценті індетке қарсы дәріні қабылдап үлгерген. Ал өткен айда 55 жастан асқан тұрғындарға 3-дозаны салу басталды. 

«Көптен бері жоспарлаған іс-шараны қолға алдық. 6 мен 11 жас аралығындағы балалар екпе қабылдай алады. Вакцина салдыру – ерікті. Препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденді», деді Чили Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Паула Даза.

29 қыркүйек 2021 ж. 6 175 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930