» » 15 қыркүйектен тұмауға қарсы вакциналау басталады: екпе кімге тегін егіледі

15 қыркүйектен тұмауға қарсы вакциналау басталады: екпе кімге тегін егіледі

Денсаулық сақтау министрлігі халықты тұмауға қарсы вакциналау үшін 2,5 миллион доза вакцина сатып алды

Қазақстанда 15 қыркүйекте тұмауға қарсы вакцина егу науқаны басталады. Тұрғындарға өзі тіркелген емханаларда ресейлік "Гриппол+" препараты егіледі. Иммундау науқаны 15 қарашаға дейін созылады.

Бұл мақсатқа 2,5 миллион доза вакцина сатып алынды.


Тұмауға қарсы екпе кімге тегін егіледі:
  • медицина қызметкерлері;
  • жүкті әйелдер;
  • медицина ұйымында диспансерлік есепте тұрған балалар;
  • балалар үйлерінің, сәби үйлерінің балалары:
  • қарттар үйлерінің контингенті;
  • эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жұқтыру қаупі жоғары адамдар.

Тұмауға қарсы екпе қанша тұрады


Міндетті вакциналау тізіміне кірмейтін қазақстандықтар үшін вакцина құны – 2000 теңгеге жуық.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинаны тұмауға қарсы екпеден кейін кемінде 14 күн өткен соң салдыруға кеңес береді.

sputnik.kz
15 қыркүйек 2021 ж. 430 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 127

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930