» » Байден Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялады

Байден Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялады


АҚШ Президенті Джо Байден Ресейге қарсы жаңа санкция қолдануды мақұлдайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Вашингтон Мәскеудің доллар, фунт және йенмен бизнес жүргізу мүмкіндігін шектемек. Сондай-ақ Байден штаттар ВТБ-мен қоса алғанда төрт ірі банкке тосқауыл қоятынын айтты.

«Бірігіп шамамен 1 триллион долларды бақылайтын ресейлік банктерге санкция салып жатырмыз. Ресейлік банк активтерінің үштен бір бөлігінен астамына иелік ететін ең ірі ресейлік банкті америкалық қаржы жүйесінен ажыратамыз», деді Байден. 

Сондай-ақ АҚШ пен одақтастары Ресейдің жоғары технология өнімдері импортын 50 пайызға шектейтінін де айтты. Санкциялар Ресейдің ең ірі мемлекеттік компаниялары, ресейлік ғарыш бағдарламасы облигацияларына да әсер етеді.

25 ақпан 2022 ж. 783 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 696

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930