Жалағаш жаршысы » Әлем » Болды, Париж – наш! – әнші Тамара Асар Париж жұртын аузына қаратты
Болды, Париж – наш! – әнші Тамара Асар Париж жұртын аузына қаратты
Париждықтар қазақтың наурыз көжесі мен бауырсағын таласа жеп жатыр.
Әнші Тамара Асар Париж жұртын таң-тамаша етті. Қазақстанның Франциядағы елшілігі өткізіп жатқан Наурыз мерекесінде Тамара Асар ән салып, көпшіліктің көңілін аулады, деп хабарлайды Today.kz.Париждегі Лувр алаңында өнер көрсететін әншінің өзі бірнеше күн бұрын Instagram-дағы парақшасында жазған болатын.
"Биылғы Наурыз мерекесі Парижде ерекше атап өтілмек. Кезінде Әміре Қашаубаев, Қажымұқан, Мұстафа Шоқай сынды бабаларымыз қазақ атын асқақтатқан қаладағы Наурызға қатысуға бұйыртса біз де жол тартпақпыз", – деп бөліскен еді Тамара Асар.
Парижде саяхаттап жүрген танымал блоггер Өркен Кенжебек бүгін әлеуметтік желіде осы дүбірлі мерекедегі сурет-видеолармен бөлісті.
"Ал біздің қазекемдер Париждің қақ төріне Тамара Асарды алдырып, киіз үй тігіп, тас кәмпиттен шашу шашып, құрбақа жеген пірәнсуздардың ішін наурызкөжемен өткізбесе, неміз қазақ депті. Әйгілі Лувр музейінің артындағы алаңға адам лық толы, асық ойнады, Мұрагер досымның күйін, Еділ Құсайыновтың көмей әнін тыңдады. Болды, Париж – наш!" – деп жазды блогер әзіл аралас.