» » Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды

Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды


Экс-министр Тамара Дүйсенова ҚР Президентінің шешімімен «Нұр Отан» партиясының хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы партияның төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


«Тамара Дүйсенова мемлекет басшысының шешімімен партияның хатшысы болып сайланды. Білесіздер ме, Тамара Қасымқызы соңғы 14 жылда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жұмыс істеді. Соңғы 5 жылында  министр болды. Оның саясатта, халықты әлеуметтік қорғу саласында мол тәжірибесі бар. Сондықтан, Тамара Қасымқызы біздің партияның барлық әлеуметтік жұмысын қалыптастыруға көмектеседі», – деді Әшімбаев.



Айта кетейік, Тамара Дүйсенова бұған дейін, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, ОҚО әкімі орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметтерін атқарды.



http://stan.kz
23 ақпан 2018 ж. 2 057 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 301

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031