» » WHATSАPP: ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНЕ СҰРАҚ ЖОЛДАЙ АЛАСЫЗ

WHATSАPP: ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНЕ СҰРАҚ ЖОЛДАЙ АЛАСЫЗ


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбектің айтуынша, халық мессенджер арқылы өздерін толғандырып жүрген мәселелерге жауап таба алады.

“Еліміздің азаматтары өздерін толғандырып жүрген зейнетақы, түрлі жәрдемақы, мүгедектікті тағайындау, көпбалалы отбасын қолдау, көші-қон және еңбек қатынастары жайында сауалдарға тікелей жауап ала алады. Егер аталған бастамаға ұсыныстарыңыз, сұрақтарыңыз бен толықтыруларыңыз болса, біз бігіріп талқылауға және кеңінен сұхбаттасуға әзірміз. Азаматтар өздерінің сұрақтарын Whats App мессенджеріндегі  +7 700 101 1414 нөмеріне жолдауына болады”,- деді ол.
Айта кетейік, биыл Еңбек және әлеуметтік министрлігі мына міндеттерді орындайды:
  •  жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу;
  •  базалық зейнатақы төлемдерін тағайындаудың механизмін қайта қарау;
  • кәмелет жасына толған, бала кезінен І топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналарға қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізу;
  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды рәсімдеу;
  • әлеуметтік қызмет жүйесін модернизациялау;
  • мүгедектік бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамалық қызметті қайта форматтау;
  • саланы цифрландыру, электронды еңбек биржасын енгізуді, электронды еңбек келісімдерді қамтамасыз ету және т.б.
Айта кетейік, өз сауалдарыңызды WhatsApp мессенджеріндегі  +7 700 101 1414 нөмеріне жолдауларыңызға болады.

Дереккөз: baribar.kz
18 қаңтар 2018 ж. 1 056 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 061

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031