» » Мәдина Әбілқасымова Еңбек министрі болып тағайындалды

Мәдина Әбілқасымова Еңбек министрі болып тағайындалды

Президент Назарбаевтың Жарлығымен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды”, делінген Ақорданың ресми сайтында.
Сонымен бірге, Президент Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды.
Жаңадан тағайындалған Еңбек министрі Мәдина Әбілқасымова бұған дейін Ұлттық экономика министрінің орынбасары қызметін атқарған болатын.
12 ақпан 2018 ж. 1 506 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 190

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031