» » Премьер-министр: бұл бәрімізге де соңғы ескерту болсын

Премьер-министр: бұл бәрімізге де соңғы ескерту болсын


Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысында министрліктерге соңғы ескерту жасады.

“Елбасының Жолдауында айтылған сынды бәріміз үшін соңғы ескерту деп білуіміз керек. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ғана жұмысты соңына дейін атқармай жатыр демей, өңірлер де бұл жұмысқа атсалысуы керек. Бұл, барлығымыз – үкімет те, өңірлер де, әкімдіктер де жұымла жұмыс істеу керек”, -деді Сағынтаев.
Премьер-министр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне керек болса ай сайын Үкімет алдында жиналыстар өткізетінін айтты. Министрлікпен бірге, жеке блокта өңірлердің де есебін тыңдайтын боламыз, деді ол.
Сағынтаев міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу үшін  2018 жылдың соңына дейін жұмыспен қамту секторын цифрландыруды аяқтауды тапсырды.
Бұдан бұрын президент халықты жұмыспен қамту бойынша атқарылған жұмыстарды сынап, министрліктің жауапкершілігі аздығын ескерткен еді.


Stan.kz
16 қаңтар 2018 ж. 1 271 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 440

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930