Әлемдегі ең ащы чили бұрышынан дәм татқан азамат ауруханаға түсті
Ер адам әлемдік байқауда жер бетіндегі ең ащы чили бұрышынан дәм татып, ауруханадан бір-ақ шықты. 34 жастағы азамат Нью-Йорк штатында өткен жарыс кезінде «Каролинский жнец» деп аталатын ең ащы бұрышты жеп көрген. Араға бірнеше күн салып ер адамның басы қатты ауырған.
Бұл туралы BBC-ге сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Науқасты қараған дәрігер чили бұрышын жақсы көретіндерге кеңесін берді: аяқ астынан бас ауырған жағдайда, бірден емханаға бару керек.
Бастың кенеттен ауруы ми қан тамырлары тарылғандықтан орын алады екен.
Жарыс күні өткеннен кейін науқаста құрғақ жөтел пайда болып, одан кейін бірнеше күн бойы мойны ауырған. Онымен қоса, ұзақтығы бірнеше секундқа дейін созылған бас ауруы азаматты қинаған.
Қатты ауырып қалған ол ақырында шыдамай дәрігердің көмегіне жүгінген. Ақ халаттылар азаматты неврологиялық тұрғыдан тексеріске алған, алайда ештеңе таппаған.
Ал компьютерлік томография артерияның тарылғанын анықтаған.
Айта кетейік, 2013 аталған бұрыш түрін Гиннес рекордтар кітабы «әлемдегі ең ащы чили бұрышы» деп бағалаған. Оны Оңтүстік Каролинада жұмыс істейтін бау-бақша маманы Эд Карри 10 жыл ішінде ойлап шығарған. Карри аталған азықтың құрамында қатерлі жасушаларды жоятын алкалоид капсаицин бар екенін білген соң, оны өсіруді ойға алған.
http://stan.kz