» » 22 жастағы қыз ешкісін жемекші болған жолбарыспен айқасып, оған шабуылдаған

22 жастағы қыз ешкісін жемекші болған жолбарыспен айқасып, оған шабуылдаған


Үндістанның Махараштра штатында 22 жастағы қыз ешкісіне шабуылдауға тырысқан жолбарыспен айқасып, оны таяқпен сабаған. Рупали Мешрам ешкісінің маңыраған дауысын ести сала үйінен жүгіріп шыққан.

Бұл туралы BBC News хабарлады, деп жазады  Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Қораға барған әйел жолбарыстың жануарға шабуылдамақшы болғанын көрген. Ол бірден қолына таяқ алып жыртқышты ұра кеткен. Жолбарыс жемтігін тастап, жануар иесіне шабуылдаған. Рупалидің анасы, үсті басы қан-қан қызының жолбарыспен арпалысып жатқанын көрген кезде шошып кеткен.
«Қызым өліп қалады деп ойладым», – дейді анасы.
Әйел қызына көмектесіп оны үйге сүйреп кіріп, есікті жауып алған. Қауіпсіз жерге кірген қызы мен анасы  орманшыларға қоңырау шалып, жыртқыштың шабуылы туралы айтқан. Орман қызметкерлері жеткенге дейін жарты сағат өтті.  Ол уақытта жолбарыс ешкіні жеп, ізін жасырған болатын.
Жыртқышпен арпалысқаннан кейін Рупалидің басы, белі, аяқтары мен қолдары жарақаттанған. Бірақ бұл жарақаттар оның денсаулығына қауіп төндірмейді. Сонымен қатар, жолбарыс оның  анасының бетін тырнап үлгенген екен. Көзінің жанынан жарақан алған әйелге ауруханада көмек көрсетілді.  Дәрігердің айтуынша, қыздың жолы болған. Себебі, жыртқыш аң оны тістеп алуы мүмкін еді.


http://stan.kz

05 сәуір 2018 ж. 991 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930