» » Солтүстік Корея ядролық сынақтарды тоқтатады

Солтүстік Корея ядролық сынақтарды тоқтатады

Солтүстік Корея ядролық сынақтарды тоқтатып, жойқын қару сыналатын алаңдарды жабады. Бұл туралы осы елдің басшысы Ким Чен Ын мәлімдеді. Сонымен қатар ресми Пхеньян құрлықаралық баллистикалық зымырандарды ұшыруды да доғаратынын хабарлады. Себебі Ким Чен Ынның айтуынша, «Солтүстік Корея ядролық қаруды жасап шығаруды аяқтаған. Сондықтан бұдан былай сынақ өткізудің қажеті жоқ. Ендігі мақсат – елдің экономикалық дамуына көңіл бөліп, Корей түбегінде бейбітшілік орнату». Ал Оңтүстің Корея ақпарат құралдарының хабарлауынша, Пхеньянның шешімі сәуірдің 21-інен бастап күшіне енеді. АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-дегі парақшасында Солтүстік Кореяның қадамын құптап, әлем үшін маңыздылығын атады.

www.24.kz
20 сәуір 2018 ж. 1 069 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 415

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031